МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ
БАКАЛАВРИАТ
Деңгей
Құқық бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
ECTS
240
Талап етілетін ағылшын тілі деңгейі
Талап етілмейді
Вебинар
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстан заңгерлері элитасының бір бөлігі бола алатын және қоғамның қазіргі заман талабына сай келетін, орталық және жергілікті атқару органдарына, жария құқық саласында жоғары білікті заңгер мамандарын даярлау. Осы бағдарламаның ерекшелігі ұлттық құқық саласында қажетті білімі бар, критикалық және кризисті жағдайларда құқықтық мәселелерді шешуге бағыт-бағдар бере алатын, одан әрі өзіндік іздену және өзін-өзі дамыту нәтижесінде құқықтық мемлекеттік басқару саласында құқықтық мәселелерді анықтап, сараптама жасау арқылы оларды құқықтық негізде шешуге қабілетті мамандар даярлау болып табылады. Жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып жаңартылған, оқу және практикалық қызметтің қажетті түрлеріне байланысты ерекше (жалпы және арнайы) құзыреттерді қалыптастыру арқылы кәсіби әлеуметтік тапсырысқа бағытталған.
- Жария және жеке құқық саласында кәсіби нәтижеге қол жеткізу үшін қойылған міндеттерді шешудің дұрыс тактикасын әзірлеуге қабілетті болады;
- Келіссөздер жүргізуге, шарттардың жобаларын әзірлеуге, оларды басқаруға, сот процестеріне қатысуға және оларды талдауға қабілетті, ұлттық деңгейде заң бизнесін жүргізуге, коммуникативтік байланыстарды құруға және қолдауға қабілетті болады;
- Ұлттық заңнаманы дамытудың ықтимал перспективалары мен қазіргі заманғы құқықтық ғылымды дамытудың негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын талдай алады;
- Практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін бастапқы және қайталама құқықтық ресурстарды пайдалана отырып, құқықтық зерттеулер жүргізуге қабілетті болады;
- Білікті құқықтық қорытындылар (баға) мен құқықтық сипаттағы құжаттарды жасауға қабілетті болады;
- Әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық, еңбек, қылмыстық-құқықтық, конституциялық, халықаралық құқықтық, қаржылық және басқа да қатынастар саласындағы заңды мәселелерді талдайды және шешеді;
- Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсетуге қабілетті болады;
- Құқықтық ұғымдар мен санаттарды, құқық саласындағы нақты зерттеу әдістері мен техникасын, оның ішінде салыстырмалы әдістерді еркін қолдана алады.
Корпоративтік заңгерлер, мемлекеттік мекемелер, адвокаттар, прокурорлар, соттар, заң кеңесшілері, құқық қорғау органдары, Ішкі істер министрлігі, оқытушылар, полицейлер, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері және т. б.