ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ
МАГИСТРАТУРА
БАЙЛАНЫСУ
Деңгей
Заң ғылымдарының магистрі
Ұзақтығы
2 жыл
ECTS
120
Вебинар
Азаматтық құқық бағдарламасының негізгі мақсаты қазіргі заң ғылымының озық технологияларын меңгерген, құқық, саясат, өндіріс және бизнес саласындағы әлемдік ынтымақтастық жағдайында ықпалдасуға қабілетті магистрлерді дайындау, сол арқылы заң қызметтері нарығында әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу.
Бағдарлама жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып оқу және практикалық қызметтердің қажетті түрлерімен байланысты дағды мен құзыреттерді қалыптастыру арқылы кәсіби заңгерлерді дамытуға арналған.
Кәсіби міндеттерді іске асыру барысында проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын табу және шешімдер қабылдау; құқықтық тақырып бойынша қоғамдық пікірге сыни көзқараспен сараптама жасау.
Құжат айналымын сауатты жүргізу; түрлі құқықтық құжаттарды дайындау. Азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық мәселелерді талдау және шешу;
Зияткерлік, моральдық-этикалық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық басқару дағдыларын дамыту және кәсіби қызметте нормативтік құқықтық актілерді пайдаланатын құзыретті маман болып қалыптастыру.
Сараптамалық заң қорытындыларын дайындау; енгізілген заңнамалық жаңалықтарды түсіну; кәсіби көзқарасын негіздеу; компьютерлік және басқа да инновациялық технологияларды пайдалану.
Түлектеріміз корпоративтік құқық бойынша заңгерлер, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, адвокаттар, соттар, заң кеңесшілері, құқық қорғау органдары, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері, академик-оқытушылар және т. б. қызметтерде жұмыс жасайды.