ҚОЛДАНБАЛЫ ҚҰҚЫҚ
ДОКТОРАНТУРА
Деңгей
Заң ғылымдарының докторы
Ұзақтығы
3 жыл
ECTS
180
Туыстас мамандықтар
Құқықтық бағыт бойынша барлық білім беру бағдарламалары
Вебинар
Бағдарламаның негізгі мақсаты алдағы уақытта оқытушылық және ғылыми мансабын жасауға ынталандырылған болашақ зерттеушілерді қамтамасыз ету болып табылады . Бағдарламада оқытудың артықшылықтары, бұл докторанттардың құқық саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік даярлығының органикалық үйлесімі. Бағдарлама мастер-класстар, жетекші заңгерлердің көпшілік лекцияларын ұйымдастырады.
- Құқыққа кіріспе – 5 ECTS;
- Міндеттемелік құқық 1-5 ECTS
- Міндеттемелік құқық 2-5 ECTS
Барлығы: 15 ECTS
Егер магистр дәрежесі туыстас мамандық болса, пререквизиттерді тапсырудың қажеті жоқ
- Заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, заманауи фундаменталды және қолданбалы құқықтану ғылымының соңғы жетістіктерін ескере отырып, заң ғылымдары саласында өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігі (бағдарламаның бағытына сәйкес);
- Ғылыми конференцияларда алынған нәтижелерді ұсыну және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін отандық және шетелдік жетекші Профильді журналдарда жариялау;
- Формальды заңдық, салыстырмалы-құқықтық және танымның өзге де арнайы әдістерін пайдалану арқылы заңдық маңызы бар ақпаратты іздеу, талдау және өңдеу қабілеті;
- Тиісті бейін бойынша құқықтану саласындағы ғылымның қазіргі жағдайын білу;
- Бакалавриатта білім алушылардың ғылыми және педагогикалық жұмысын ұйымдастыра білу;
- Ғылыми-зерттеу қызметінің әдістерін қолдану;
- Заңнамалық және құқық қолдану тәжірибесін бағалауға, өзінің кәсіби саласында нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындауға қабілетті болады;
- Жоғары технологияларда интеллектуалдық меншікті тіркеуге өтінімін беріп; қорғау механизмін құрай алады;
- Компанияның лауазымды тұлғалары мен органдары арасындағы функцияларды бөлу, меншікті бөлу және бақылау нәтижесінде туындайтын, сондай-ақ атқарушы органдардың, қатысушылардың және акционерлердің сыйақысына қатысты пайда болатын құқықтық дауларды шеше алады;
- Кәсіби қызметте нормативтік құқықтық актілерді қолдану; сараптамалық құқықтық қорытындылар дайындау; енгізілетін заңнамалық жаңалықтарға талдау жасау;өз көзқарасын қисынды сауатты білдіру және негіздеу.
Түлектеріміз негізінде ғылыми жұмыспен айналысатын ЖОО академик-оқытушылары болғанмен, корпоративтік құқық бойынша заңгерлер, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, адвокаттар, соттар, заң кеңесшілері, құқық қорғау органдарында, Ішкі істер министрлігінде қызмет атқаруға мүмкіндігі бар.