Грант офис

ГРАНТ ОФИС

Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік белсенді, академиялық үлгерімі жақсы және одан әрі білім алуға ынтасы бар аз қамтылған отбасылардан шыққан талапкерлер мен білім алушыларды анықтау және қолдау болып табылады.
Барлық гранттар бекітілген өлшемдерге сәйкес конкурстық негізде тағайындалады.
Гранттар мен стипендиялар бөлу кезінде білімгерлердің академиялық үлгерімі мен университет қабырғасындағы әлеуметтік белсенділігі ескеріледі.
Стипендиялар мен гранттар Университет қоры және демушілер (түлектер, фондтар және компания) есебінен беріледі. Қаржылық қолдауды ұсыну және оның мөлшері университеттің белгіленген ережелері мен қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес анықталады.
Университет өтінім берген барлық студенттерге қаржылық қолдау көрсетуге кепілдік бермейді, сондай-ақ қаржылық қолдауды бөлу шарттарын, өлшемшарттары мен тәртібін өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

ГРАНТТАР

  • Түлектер
  • Фондтар
  • Компаниялар

Әр семестр сайын демеушілер тарапынан академиялық үлгерімі жақсы, Университет ішіндегі әлеуметтік жұмыстарда белсенді және әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттерге гранттар мен стипендиялар ұсынылады.

ӨТІНІМДІ ҚАЛАЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

1-қадам

Университеттің сайтында және әлеуметтік медиа беттерінде әр семестрдің соңында гранттар мен стипендияларға конкурс жарияланады.

2-қадам

Грант офис сайтына өтіп, стипендия немесе грантқа өтінім беру.

3-қадам

Өтініштерді қарау (қажет болған жағдайда құжаттардың/анықтамалардың түпнұсқасын Грант офиске тапсыру.

Берілген гранттар мен стипендиялар

  • “Құрманғазы Петролеум” мұнай компаниясы 2020-21 оқу жылының 1-семестрінде Инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультетінің үлгерімі жоғары 27 студенті мен талапкерлеріне оқу ақысын төледі
  • Kazenergy қауымдастығы Бизнес мектебі мен Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің үлгерімі жоғары 12 студентіне 2020-21 оқу жылының ақысын толық төледі
  • СДУ түлектері атынан 9 студентке стипендия және 5 студентке грант бөлінді

Стипендиаттардың алғыс сөздері:

FAQ

Әр семестрдің соңында біз конкурс жариялаймыз және конкурс негізінде стипендия иелерін таңдаймыз.

Ақылы негізде оқитын және басқа да қосымша қаржылай көмек көздері жоқ студенттер конкурсқа қатыса алады.

Жоқ, бірақ стипендия немесе грант иегерлерінің міндеттері бар, олар: оқу үлгерімі кем дегенде 3.00 GPA болуы керек; бір академиялық кезеңде ең азы 40 сағат қоғамдық жұмыстармен айналысу.

Жақсы оқу үлгерімі (GPA> 3.00) және мотивациялық хат жазу. Егер қосымша талаптар болатын болса, конкурс туралы хабарландыруда ескертетін боламыз.

Құжаттарды қабылдау уақыты хабарландыруда көрсетіледі.

СДУ өтінімдерді қабылдау басталғанын жариялаған сәттен бастап, ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 5 қаңтарына дейін.

Стипендиат ретінде бір академиялық кезеңде кемінде 40 сағат әлеуметтік іс-шараларға белсене араласуға, қатысуға міндеттісіз. Оған  студенттік клубтың мүшесі болу және де клубтың іс-шараларына белсене қатысуға немесе деканның әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасарының басшылығымен факультеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласу немесе  СДУ қызметкеріне ассистент болу жатады.

Стипендия беру немесе грант келесі жағдайда тоқтатылады:

  • студенттің осы Ережеде белгіленген міндеттерді орындамауы;
  • студентке академиялық демалыс беру;
  • студенттің университеттен шығарылуы;
  • студенттің басқа жоғары оқу орнына немесе басқа мамандыққа ауысуы;
  • CДУ-да қаражат жеткіліксіз болған жағдайда.

Гранттар мен стипендияға байланысты мәселелер СДУ ішкі ережесімен реттеледі. 

БАЙЛАНЫС

Ескерту: Ақпараттар толық және дұрыс толтырылмаған жағдайда, өтінішіңіз қарастырылмайды!

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: