СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
Бакалавриат үшін Қабылдау комиссиясы
Бағдарламалар




Ағылшын тілінен емтихан
СДУ-да білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Оқуға түсу үшін талап етілетін ағылшын тілі деңгейі – Intermediate.
Егер талапкердің ағылшын тілі деңгейі талап етілген деңгейден төмен болса, оған тіл курстарына жазылу керек немесе Foundation бағдарламасы бойынша оқуға түсу керек. Деңгейді анықтау тесті офлайн форматында өтеді.
Оқуға түсу процесі


- МЕКТЕПТЕН КЕЙІН
Оқуға түсу ережесі
СДУ-ға ақылы немесе мемлекеттік грант бойынша оқуға қабылдау өтініш негізінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша берілген сертификаттағы ұпайға сәйкес жүреді.
Оқуға түсуге шекті ұпайлар келесі сілтемедегі құжатта көрсетілген.
Қажетті құжаттар
1. Жеке куәлік көшірмесі;
2. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
3. Ағылшын тілі деңгейін растаушы IELTS / SDU CEC ceртификаты (бар болған жағдайда) немесе ағылшын тілі емтиханының нәтижесі (СДУда тапсырылады);
4. 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
5. Аттестат немесе орта білім туралы диплом және олардың транскрипті;
6. ҰБТ сертификаты (электрондық нұсқасы);
7. Мемлекеттік грант сертификаты (бар болса);
8. Арнаулы емтихан нәтижесі (педагогикалық мамандықтарға түсушілерге);
9. Факультет өкілімен өткізілген сұхбат нәтижесі (колледж түлектері үшін);
10. Шығармашылық емтихан сұрақтары келесі сілтемеде;
11. Студенттік қор (40 000 KZT) төлемі туралы түбіртек.
12. Ақылы бөлімге түсетін студенттер үшін оқу ақысының 50% төлемі туралы түбіртек.
- КОЛЛЕДЖДЕН КЕЙІН
Оқуға түсу ережелері
Мемлекеттік грантта СДУ-да оқуға ниет білдіргендер міндетті түрде ҰБТ-дан өтуі тиіс. Мемлекеттік гранттарды бөлу ҰБТ нәтижелері негізінде жүргізіледі. Гранттар конкурсына кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинаған колледж түлектері жіберіледі.
Университетімізге колледжден кейін салалас мамандыққа түскісі келетін талапкерлер факультет өкілдерімен арнайы сұхбаттан өтуі тиіс.
Туыстас мамандықтар келесі сілтемедегі құжатта көрсетілген.
Қажетті құжаттар
1. Enroll.sdu.edu.kz толтыру;
2. Қабылдау туралы өтініш;
3. Жеке куәлігінің көшірмесі;
4. 075 медициналық анықтама;
5. Диплом және қосымшасы;
6. 3×4 сурет (6 дана);
7. Студенттік жарна түбіртегі (40 000 тг.);
8. Келісім шарт;
9. Тіл деңгейін анықтайтын сертификат (IELTS, SDU placement test және т.б.);
10. Сұхбаттасу хаттамасы (СДУда беріледі);
11. Мемлекеттік грант куәлігі (бар болса);
12. 1-семестр төлемақы түбіртегі;
13. Педагогикалық тест нәтижесі (педагогикалық мамандықтарға);
15. Жеңілдік сертификаты.
- БАСҚА УНИВЕРСИТЕТТЕН АУЫСУ
Қажетті құжаттар
1. Транскрипт
2. Өтініш
3. Грант куәлігінің көшірмесі (бар болған жағдайда)
4. ҰБТ сертификатының көшірмесі
5. Аттестат және қосымшасы
Маңызды даталар

Онлайн құжат тапсыру
СДУ-ға оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн түрде тапсыру мүмкіндігі бар. Ол үшін талапкер қажетті құжаттардың электронды нұсқаларын жүктеп, өзі туралы мәліметтерді толтыру керек. Онлайн өтініш беру жөніндегі нұсқаулық мына сілтемеде.
Гранттар және жеңілдіктер

Мемлекеттік грант – бұл сіздің жоғары білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды.
СДУ коды | Мемлекеттік гранттар | Мемлекеттік гранттар саны | СДУ мамандықтары |
302 | В 001 Педагогика және психология В 002 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту В 003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі B 009 Математика мұғалімдерін даярлау | 200 816 475 500 | 6В01101 Педагогика және психология 6В01201 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 6B01501 Математика (педагогика) |
302 | B 010 Физика мұғалімдерін даярлау | 668 | 6B01503 Физика-Информатика |
302 | В 012 Химия мұғалімдерін даярлау | 700 | 6В01502 Химия-Биология |
302 | В 016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 300 | 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті |
302 | В 018 Шет тілі мұғалімдерін даярлау В 140 Халықаралық қатынастар | 420 80 | 6В01702 Шет тілі: екі шет тілі 6В03101 Халықаралық қатынастар |
302 | В 036 Аударма ісі | 335 | 6В02302 Аударма ісі |
302 | В 037 Филология | 100 | 6В02304 Филология |
302 | В 015 Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау В 019 Әлеуметтік педагогика мамандарын даярлау және өзін-өзі тану | 318 200 | 6В01601 Тарих 6В01801 Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
302 | В 042 Журналистика және репортер ісі | 197 | 6В03201 Журналистика |
302 | В 044 Менеджмент және басқару | 325 | 6В04102 Менеджмент |
302 | В 045 Аудит және салық салу | 146 | 6В04103 Есеп және аудит |
302 | В 046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | 368 | 6В04104 Қаржы 6В04101 Экономика |
302 | В 047 Маркетинг және жарнама | 95 | 6В04105 Маркетинг |
302 | В 049 Құқық | 6В04201 Құқық | |
302 | В 055 Математика және статистика | 503 | 6В05401 Математика (ғылыми) |
302 | В 057 Ақпараттық технологиялар | 2643 | 6В06101 Ақпараттық жүйелер 6В06102 Компьютерные науки 6В06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу |
СДУ-дың 2020-2021 оқу жылына арналған гранттар мен оқу ақысына жасалатын жеңілдіктерінің тізімі:
Грант | % | Растаушы құжат |
SPT және ISPT 2022 олимпиадасының жеңімпаздарына | 100 | Сертификат |
Мамандық бойынша ең үздік студентке (оқу барысында) | 50 | Оқу үлгерімі (GPA) |
Лицензиясы бар кәсіби спортшыға | 50 | Растаушы құжаттар / Әкімшілік кеңес шешімі |
SPT және ISPT 2022 олимпиадасының жүлдегерлеріне | 50 | Сертификат |
Шетелден серіктес мекемелерден келген студенттерге | 30 | Сертификат |
ISPT 2022 олимпиадасының жүлдегерлеріне | 25 | Сертификат |
Әкесі де, анасы да жоқ тұл жетімдерге | 40 | Растаушы құжаттар / Әкімшілік кеңес шешімі |
Ата-анасы / асыраушысы 1, 2 топтағы мүгедек болған студенттерге | 40 | Растаушы құжаттар / Әкімшілік кеңес шешімі |
SPT 2022 олимпиадасының жүлдегерлеріне | 30 | Сертификат |
Сулейман Демирел атындағы колледж түлектеріне (қызыл диплом) | 20 | Диплом |
Жамбыл инновациялық-техникалық колледж түлектеріне (қызыл диплом) | 20 | Диплом |
SPT 2022 олимпиадасының жүлдегерлеріне | 15 | Сертификат |
«Educon» (Достық, Арай, Сана), «Edtech»,«Secom» білім беру орталықтарының түлектеріне | 10 | Сертификат / Анықтама |
Студенттер үйі

- Студенттер үйіндегі орын саны шектеулі. Орындар ең алдымен 1-курс студенттеріне беріледі. 2, 3 және 4 курс студенттері 25 тамыздан кейін ғана өтініш бере алады.
Құжаттар тізімі
- 3х4 өлшеміндегі фотосурет (2 дана);
- №075 формасындағы медициналық анықтама көшірмесі;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Төлемақы түбіртегінің көшірмесі.
Реквизиттер

Оқу
Учреждение Университет имени Сулеймана Демиреля
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул. Абылай хана, 1/1.
БИН: 960240000550
IBAN: KZ626017131000023797 (KZT)
IBAN: KZ146017131000031160 (USD)
IBAN: KZ696017131000039094 (EUR)
IBAN: KZ466017131000050469 (RUB)
БИК: HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
Жатақхана
ТОО «Dorm-Service»
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул.Абылай хана, 1/1.
БИН: 110440021346
IBAN: KZ626017131000016522 (KZT)
IBAN: KZ436018771000196911 (USD)
БИК: HSBKKZKX
КБе 17
КНП – 872
АО «Народный Банк Казахстана»
Реквизиттер

Оқу
Учреждение Университет имени Сулеймана Демиреля
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул. Абылай хана, 1/1.
БИН: 960240000550
IBAN: KZ626017131000023797 (KZT)
IBAN: KZ146017131000031160 (USD)
IBAN: KZ696017131000039094 (EUR)
IBAN: KZ466017131000050469 (RUB)
БИК: HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
Жатақхана
ТОО «Dorm-Service»
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул.Абылай хана, 1/1.
БИН: 110440021346
IBAN: KZ626017131000016522 (KZT)
IBAN: KZ436018771000196911 (USD)
КБе 17
КНП – 872
АО “Народный Банк Казахстана”




Оқу төлемақысы
Қазір қанша төлеуім керек?
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
2. 4 жылға Студенттік жарна сомасын (40 000 теңге) төлеу керек.
* Грант иегерлері Студенттік жарнаны төлеуден босатылмайды.
Кейін қанша төлеймін?
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден бакалавриат бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Бакалавриат бағдарламасын аяқтау үшін студент 240 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.
FAQ
Мемлекеттік грант – бұл сіздің жоғары білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Университеттер гранттарды бөлумен айналыспайды. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды. Сәйкесінше, Қазақстан бойынша барлық талапкерлер мен университеттер бір ортақ конкурсқа қатысады және барлығына грант конкурсының талаптары бірдей.
Мемлекеттік грант конкурсына қатысуға кез келген қазақстандық жоғарғы оқу орнынан өтініш тастауға болады. Алайда біз бірден өзіңіз оқығыңыз келетін университеттің қабылдау комиссиясына құжат тапсыруға кеңес береміз. Оқуға түскен жағдайда құжаттарыңыз сол оқу орнында қала береді.
Мемлекеттік грант конкурсында сіздің маусым айындағы ҰБТ нәтижесінде жинаған ұпайыңыз есепке алынады. Грантқа тапсыру үшін сізге белгіленген уақытта қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырып, арнайы бланкта мамандықтар тобы мен таңдаған университетіңіздің кодын көрсету керек. СДУ коды – 302.
Мамандықтар тобына грант ұтып алғаннан кейін, сол топтағы СДУ-да бар мамандықтың бірін таңдай аласыз. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» білім беру тобы бойынша СДУ-да 3 мамандық бар – Ақпараттық жүйелер, Компьютерлік ғылымдар және Математикалық және компьютерлік модельдеу. Осы мамандықтардан біреуін таңдап, грантпен оқи аласыз.
Мемлекеттік грантта сіз өзіңіз таңдаған жоғары оқу орнында тегін оқи отырып, ай сайын шәкіртақы алып отырасыз. Ал оқуды аяқтаған соң өз мамандығыңыз бойынша Қазақстанда жұмыс жасауға міндеттелесіз.
Грантқа және белгілі бір оқу орнына түсуге арналған нақты ұпай болмайды, өйткені гранттар конкурс негізінде талапкерлер арасында бөлінеді. Сіздің грантқа түсу мүмкіндігіңіз сіз таңдаған мамандықты қанша талапкер таңдағанына және олардың қандай ұпаймен грантқа тапсырып жатқанына тікелей байланысты. Ал шекті ұпай дегеніміз – грантқа түскендердің тізімінде ең соңғы тұрған талапкердің ұпайы. Оны алдын ала білу мүмкін емес. Сіз Ұлттық Тестілеу орталығының сайтынан алдыңғы жылдың грантқа түсу статистикасын қарап шығып, өз мүмкіндіктеріңізді шамамен болжай аласыз, бірақ біле алмайсыз.
Білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Тек қана «Құқықтану» мамандығы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, сондай-ақ «Журналистика» мамандығында қазақ тілді топтар бар. Ал «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы тек қазақ тілінде өтеді. Басқа мамандықтардың барлығында оқыту тілі – ағылшын тілі. Талап етілетін деңгей – Intermediate.
Иә, жыл сайын 2-3 курстар арасында шамамен 100 студент бір семестрге шетелдік университетте оқуға мүмкіндік алады. Іріктеу конкурс негізінде өтеді. Толығырақ осында.
СДУ-да студенттердің әлеуметтік дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Әртүрлі бағыттағы 29 студенттік ұйым жұмыс жасайды. Толығырақ осында.
СДУ түлектерінің 99% диплом алғаннан кейін ең үздік компанияларға жұмысқа тұрады. Ал студенттер 3-4 курста оқып жүріп, «Beta Career» бағдарламасы аясында жұмыс жасап, карьерасын бастайды.
СДУ түлегі ҚР Білім және ғылым министрлігінен берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Байланыс

- Қабылдау комиссиясы
admissions@sdu.edu.kz
- Халықаралық студенттер
intadmissions@sdu.edu.kz
- Басқа ЖОО-дан ауысу
transfer@sdu.edu.kz