Дипломатия және Халықаралық қатынастар
MINOR
Minor
Барлық бағдарламалар білімгерлері үшін
Факультет
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті
ECTS
20
Оқыту тілі
Ағылшын
Вебинар
СДУ бакалавриат студенттері Дипломатия және Халықаралық Қатынастар қосымша бағдарламасы арқылы бүгінгі күннің ең маңызды жаһандық сұрақтары туралы ойлаудың, оларды қоюдың және талдаудың жаңа тәсілдерін үйрену арқылы өздерін дайындай алады. Дипломатия және Халықаралық Қатынастар қосымша бағдарламасы студенттерді заманауи дипломатияның кәсіпқойлық сипаты туралы түсінікпен қаруландыруға арналған. Дипломатияны ұлттық-мемлекеттік дипломатиялық корпус өкілдері жүзеге асырғанымен, оны бизнесмендер, ғалымдар, суретшілер, педагогтар, діни жетекшілер, қоғамдастық ұйымдастырушылар мен белсенділер, және тағы басқалар да қолданады. Дипломатия және Халықаралық қатынастар қосымша бағдарламасының курстары студентке өзінің мамандығы мен дипломатияның арасында көпір салуға берік негіз беру үшін таңдалды.
- IRN 211 Дипломатиялық және консулдық қызметтер
- IRN 348 Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу техникасы
- IRN 306 Дипломатиялық хаттама және құжаттама
- IRN 311 Көпжақты дипломатия
Дипломатия және Халықаралық қатынастар қосымша бағдарламасын меңгеру үшін студенттер міндетті және таңдау курстар ішінен кемінде 20 кредит сәтті аяқтауы керек.