Бейбітшілік және қақтығыс
MINOR
Minor
Барлық бағдарламалар білімгерлері үшін
Факультет
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті
ECTS
15
Оқыту тілі
Ағылшын
Вебинар
Біздің әлем өзара тәуелді бола бастаған сайын, халықаралық қатынастар туралы білім құндылығы барлық пәндер мен мамандықтар арасында арта береді. СДУ бакалавриат студенттері Бейбітшілік пен Қақтығыс қосымша бағдарламасы арқылы бүгінгі күннің ең маңызды жаһандық сұрақтары туралы ойлаудың, оларды құрастырудың және талдаудың жаңа тәсілдерін үйрену арқылы өздерін дайындай алады. Бейбітшілік пен Қақтығыс қосымша бағдарламасы 3 курстан тұрады. Бұл қосымша бағдарламаның практикалық мақсаты “саясат туралы ойлауды” дамыту, басқа салаларда оқитын студенттердің қазіргі саясаттану ғылымының зияткерлік жетістіктерімен танысуын қамтамасыз ету, осы саланың тұжырымдамалық аппаратын жеткілікті деңгейде меңгеруге қолдау көрсету.
- IRN 216 Халықаралық қақтығыстар және бейбітшілік
- IRN 453 Ұлтшылдық және дін
- IRN 468 Халықаралық қатынастардағы заманауи мәселелер
Бейбітшілік пен Қақтығыс қосымша бағдарламасын меңгеру үшін студенттер міндетті және таңдау курстар ішінен кемінде 15 кредит сәтті аяқтауы керек.