МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ ДОКТОРАНТУРА
БАҒДАРЛАМАЛАР
МАГИСТРАТУРА
- 7M06102 Компьютерлік ғылымдар
- 7M06104 Деректер туралы ғылым
- 7M06101 Ақпараттық жүйелер
- 7M05402 Қаржылық математика
- 7M06106 Қаржы технологиясы
- 7M05401 Математика (ғылыми)
- 7M04101 Экономика
- 7M04102 Менеджмент
- 7М04104 МВА Денсаулық сақтаудағы менеджмент
- 7М04105 EМВА Денсаулық сақтаудағы менеджмент
- 7M04107 МВА Қаржы технологиялар
- 7M01701 Қазақ тілі және әдебиеті
- 7M01702 Шет тілі: екі шет тілі
- 7M01501 Математика (педагогика)
- 7M01502 Физика (педагогика)
- 7М01503 Химия (педагогика)
- 7M03201 Дата журналистика
- 7M03201 Медиа зерттеулері және журналистика
- 7M04202 Ақпараттық технологиялар құқығы
- 7M04201 Жеке құқық
ОҚУҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕСІ
Үміткер магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруы керек.
Кешенді тест 3 бөлімнен тұрады:
1. Шет тілі тесті (IELTS 6.0, TOEFL (IBT 60, PBT 498);
2. Білім алуға даярлықты анықтау тесті;
3. Білім беру бағдарламалары тобы профилі бойынша тест.
Кешенді тестілеудің пәндері мына сілтемеде көрсетілген.
Кешенді тестілеуге тіркелу үшін мына сілтемемен өтіңіз.
Оқуға түсушілерге жеке кабинетте даярлық бағытын (бейінді немесе ғылыми-педагогикалық)өзгертуге мүмкіндік бар.
Кешенді тестілеу туралы анығырақ келесі сілтемеден біле аласыз.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін шекті ұпай – 75 , бейінді магистратураға түсушілер үшін – 50 ұпай.
Бір білім беру тобы мен 3 ЖОО таңдау арқылы конкурсқа қатыса аласыз.
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
1. Бакалавриат дипломының түпнұсқасы;
2. 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
3. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Бағдарламалар бойынша тапсырылған тест сертификатының көшірмесі (бар болса).
Мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыру үшін:
1. КТ сертификаты;
2. 3 х 4 өлшеміндегі фотосурет (4 дана).
Шарттары:
1. КазТест сертификаты (кез келген деңгей)
2. Тіл деңгейін анықтайтын халықаралық сертификат (IELTS 5.5, TOEFL (PBT 453, IBT 46);
3. Университет бекіткен тақырыптар бойынша эссе.
4. Докторантураға кешенді тестілеу.
5. Университеттің ішкі емтиханы
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
Төмендегі тізімде көрсетілген құжаттарды dinara.sarsenova@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
1. Магистратура дипломының түпнұсқасы;
2. КазТест сертификаты (кез келген деңгей)
3. Шет тілі деңгейін растаушы халықаралық сертификат;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. 3х4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
6. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография (локдаун уақытында қажет емес);
7. Қызметкердің кадр есебі бойынша жеке қағазы немесе еңбек қызметі туралы кадр бөлімімен расталған кемінде 9 ай еңбек өтілі бар құжат;
8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (соңғы үш жылда).
МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР
ҚҰЖАТ ТАПСЫРУ
Кешенді тестілеуден өту үшін үміткер app.testcenter.kz сайты арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
СДУ-дағы оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн тапсырып, түпнұсқаларын әкелу немесе жіберу керек. Онлайн жүйеде қажетті ақпаратты толтырып, керекті құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Онлайн өтініш беру жөніндегі нұсқаулық келесі сілтемеде.
Қажетті құжаттарды онлайн тапсырып болғаннан соң талапкер 28 тамызға дейін құжаттардың түпнұсқасын СДУ қабылдау комиссиясына тапсырады. Міндетті қабылдау емтихандарын уақытылы (“Маңызды даталар” бөлімін қараңыз) тарсыруыңыз міндетті.
Мемлекеттік грант – бұл сіздің білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды.
Мемлекеттік грант конкурсында кешенді тестілеудің нәтижелері ескеріледі. Грант конкурсына қатысу үшін құжаттарыңызды университетке тапсыруыңыз керек.
Құжаттарыңызды тапсырған кезде оқу бағдарламасының тобы мен үш жоғарғы оқу орнын таңдай аласыз. СДУ коды – 302.
Мемлекеттік грант иегерлері оқуын таңдаған жоғары оқу орнында тегін оқып, ай сайынғы стипендия алуға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарды бітірген магистрант оқуын бітірген соң өз мамандығы бойынша Қазақстанда жұмыс жасауы тиіс.
СДУ магистратура мамандықтары бойынша 2021-2022 оқу жылына бөлінген гранттар саны:
*(ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған):
СДУ коды | Группа коды мен атауы | Мемлекеттік гранттар саны | Мамандықтар |
302 | М094 Ақпараттық технологиялар | 900 | 7M06102 Компьютерлік ғылымдар |
302 | М092 Математика және статистика | 200 | 7M05401 Математика (ғылыми) |
302 | М 010 Математика мұғалімдерін даярлау M011 Физика мұғалімдерін дайындау | 400 400 | 7м01501 Математика (педагогика) 7M01503 Физика (педагогика) |
302 | М017 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау | 120 | 7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті |
302 | М019 Шет тілі мұғалімдерін дайындау (ғылыми- педагогикалық/профильді) | 200 | 7M01702 Шет тілі: екі шет тілі |
302 | М070 Экономика | 110 | 7M04101 Экономика |
302 | М072 Менеджмент | 200 | 7M04102 Менеджмент |
302 | M067 Журналистика және репортерлік жұмыс | 100 | 7M03201 Медиа және БАҚ зерттеулері |
Мемлекеттік грант – бұл сіздің білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжаттарыңызды қабыдап, емтихандарды ұйымдастарап қабылдайды. Докторантураға іріктеу емтихандарына тіркелу үшін http://testcenter.kz/сілтемесі арқылы өтіңіз. тіркелу барысында университеттің жеке кодын енгізіңіз. СДУ коды – 302.
Мемлекеттік гранттар конкурсында халықаралық тіл емтихандарының (IELTS, TOEFL, Duolingo) нәтижесі және іріктеу емтихандарының нәтижелері ескеріледі. Іріктеу емтихандары СДУда өткізіледі.
СДУ докторантура мамандықтары бойынша 2021-2022 оқу жылына бөлінген гранттар саны:
*(ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған):
Мемлекеттік грант конкурстына қатысу үшін жоғарыдағы тізімде көрсетілген құжаттарды dinara.sasenova@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
СДУ коды | Группа коды мен атауы | Мамандықтар | Мемлекеттік гранттар саны |
302 | D010 Математика педагогтарын дайындау | 8D015001 Математика (педагогика) | 3 |
302 | D019 Шетел тілі педагогтарын дайындау D017 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау | 8D017002 Шет тілі: екі шет тілі 8D017001 Қазақ тілі мен әдебиеті | 4 1 |
302 | D092 Математика және статистика | 8D054001 Математика (ғылыми) | 4 |
302 | D072 Менеджмент және басқару | 8D041001 Менеджмент | 1 |
302 | D078 Құқық | 8D042001 Құқық Ақпараттық жүйелер | 1 3 |
ОҚУ ТӨЛЕМАҚЫСЫ
- РЕКВИЗИТТЕР
Учреждение Университет имени Сулеймана Демиреля
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул. Абылай хана, 1/1.
БИН: 960240000550
IBAN: KZ626017131000023797 (KZT)
IBAN: KZ146017131000031160 (USD)
IBAN: KZ696017131000039094 (EUR)
IBAN: KZ466017131000050469 (RUB)
БИК: HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
Cтуденттерінің оқу төлемақысы
Қазір қанша төлеуім керек?
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
Кейін қанша төлеймін?
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден магистратура бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Магистратура бағдарламасын аяқтау үшін студент 120 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.
Қазір қанша төлеуім керек?
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
Кейін қанша төлеймін?
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден бакалавриат бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Бакалавриат бағдарламасын аяқтау үшін студент 180 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.