Деңгей
Білім бакалавры
Ұзақтығы
4 жыл
Грантқа түсу шекті балл
125
Ақылы бөлімге түсу шекті балл
85
ECTS
240
Талап етілетін ағылшын тіл деңгейі
B1 (Intermediate)
Шет тілі: екі шет тілі бағдарламасы ағылшын тілін және француз / қытай / корей / неміс / түрік тілдерін оқыту саласында мамандар дайындайды. Бағдарлама түлектері шет тілдерін жоғары деңгейде меңгеріп, оларды оқытуда түрлі әдістер мен заманауи технологияларды қолдануды үйренеді.
Бұл бағдарламаның ерекшеліктері:
Барлық пәндер ағылшын тілінде оқытылады.
Бағдарлама аясында Еуропалық кредиттік-трансферттік жүйе қолданады.
Халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша шетелдік оқытушылар дәріс береді.
Оқу процесіндегі әр студенттің бағдарына сай жеке көзқарас. Оқу бағдарламасында үшінші шет тілі (түрік тілі) оқытылады. Студенттер халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша Ұлыбритания, Малайзия, Оңтүстік Корея, Қытай, Литва, Польша және т. б. мемлекеттерде оқуын жалғастыра алады.
Білім беру бағдарламасын іске асыру нәтижесінде түлектерге “шет тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша педагогика бакалавры” академиялық дәрежесі беріледі
Тілдер мен әдебиет саласындағы оқытушыларды даярлау
- Шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуда заманауи әдістерді, оқу технологияларын және жеке тұлғаға бағытталған тәсілдерді көрсете және қолдана білу;
- Қалыптастырушы, жинақтаушы, өзін-өзі бағалау және сараптамалық бағалау сияқты бағалаудың әртүрлі нысандары мен әдістерін біріктіре білу;
- Екінші шет тілін оқыту әдістемесін білу және тілдік құзыреттілікті жоғары деңгейде меңгеру;
- Шет тілі ретінде ағылшын тілін оқытуда білім мен тәжірибені ұштастыра білу;
- Ғылыми жұмысты шет тілінде дайындау және жазу, ғылыми мақалаларды талдау, зерттеу жұмысын жобалау және оны жүргізу тәжірибесін үйрену;
- Мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілін қолдана білу, сыни ойлау, студенттердің ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуда дербестігі мен жауапкершілігі.
Мамандардың айрықша құзыреттілігінің арқасында осы мамандықтың түлектеріне сұраныс өте жоғары. Үздік түлектер Назарбаев зияткерлік мектептері, ТАМОС, Мирас, Білім-Инновациялық лицей, дарынды балаларға арналған Дарын мектептері, гимназиялар мен колледждер сияқты республиканың беделді оқу орындарында табысты жұмыс істейді.