Қазақ тілі мен әдебиеті
Деңгей
Педагогика ғылымдарының магистрі
Ұзақтығы
2 жыл
ECTS
120
Туыстас мамандықтар
Қазақ тілі мен әдебиеті;
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
Бағдарлама еңбек нарығында тіл мен әдебиет саласында сұранысқа ие жоғары білікті педагогикалық кадрларды дайындау, ЖОО-дағы Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысына қажетті ғылыми-гуманитарлық пәндер саласында жүйеленген білімдерді қалыптастыру және оларды оқытудағы инновациялық технологияларды қолдануды жүзеге асыру, тіл білімі мен әдебиеттің фундаментальды және қолданбалы бағыттары бойынша білмдерін жетілдіру, магистранттарға қазіргі заманғы филологиялық үдерістер мен құбылыстарды талдаудың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік әдістерін меңгерту мақсаттарын көздейді.
Педагогика (Оқу тәжірибесі) – 5 ECTS
Барлығы: 5 ECTS
Егер бакалавр дәрежесі туыстас мамандық болса, пререквизиттерді тапсырудың қажеті жоқ.
- Педагогика;
- Қазақ тілінен дәріс беру әдістемесі
- Қазақ тілі мен әдебиетін ЖОО оқытуда инновациялық және сандық технологияларды өз саласындағы кәсіптік қызметте қолдана алады, ғылыми зерттеулер нәтижесін компьютерлік үлгілеу тәсілдерін меңгереді;
- Білім беру үдерісінде қазіргі ақпараттық технологияларды сауатты пайдалана алады;
- Қазақ тіл білімінің теориялық негіздері мен қазақ тілтанымның заңдылықтарын, қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары мен түрлерін біледі. Тіл ғылымындағы іргелі зерттеулермен білім берудің әртүрлі саласындағы мәселелерді жүйелі түрде шешуге бағытталған ғылыми-педагогикалық инновациялық еңбектермен танысады. Қазақ тіл білімінің заманауи мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми еңбектерге талдау жасай алады;
- Қазақ әдебиеті тарихының даму кезеңдерінің теориялық негізін меңгереді. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі бағыттар мен ағымдарға ғылыми талдау жасай алады, әдебиет ғылымының методологиялық ұстанымдарын қазіргі өмірімен байланыстырып, сыни еңбектерге өз көзқарасын білдіре алады;
- Ағылшын тілінде ғылыми ақпараттарды өңдей алады, сөйлеу үдерісінде коммуникативтік мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгереді, лексикалық қорларын толықтырады. Шет тілінде ғылыми зерттеулер жасап, өз ойын ағылшын тілінде алатындай кәсіби деңгейде меңгереді.