ФАКУЛЬТЕТ ЖАЙЛЫ
Педагогикалық және Гуманитарлық ғылымдар факультеті Ағылшын тілі (TEFL / TESOL), Қазақ тілі мен әдебиеті және жаратылыстану ғылымдары (STEM) оқытушыларына, сондай-ақ Аударма ісі және Филология мамандарына арналған бағдарламаларды ұсынады. Біз XXI ғасырдың дағдыларын меңгерген және еңбек нарығында сұранысқа ие түлектеріміздің жоғары қасиеттерін мақтан тұтамыз. Факультеттің барлық бағдарламасы оқыту, білім беру, аударма және ғылыми зерттеулер әдістері бойынша заманауи курстар ұсынады. Оқыту тілі – қазақ, ағылшын тілдері.
Департаменттер
ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ
“Тілдік білім беру” кафедрасы 1996 жылы құрылған. Сол уақыттан бастап көптеген студент факультетімізді сәтті аяқтап, әлем бойынша кәсіби мақсаттарына жету мүмкіндігіне ие болды. Тілдерді, филологияны оқытқысы келетін және жазбаша аудармашы болуға ұмтылған болашақ мамандарға арналған бағдарламалардың кең ауқымын ұсынамыз. Тілдік бағдарламалар барлық деңгейде қолжетімді: гуманитарлық ғылымдар бакалавры, магистр және педагогикалық ғылымдар докторы. Тілдік білім беру кафедрасы тілдерді меңгерген және әлемдік мәдениет туралы сыни түсінігі бар коммуникациялық сауатты және ақпараттандырылған азаматтарды дайындайды.
МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
Педагогикалық математика және жаратылыстану кафедрасы жаратылыстану пәндерінің мұғалімдерін даярлау бағдарламаларын ұсынады. СДУ тарихының бастауынан бері Педагогикалық математика және жаратылыстану кафедрасы болашақтың жоғары сапалы түлектерін даярлап келеді. Біз 21 ғасырдың халықаралық педагогтарын заманауи дағдылар мен технологияларды қолдана отырып дайындаймыз. Мұғалімдерге оқушыларға ақпаратты қалай және қайдан табуды үйрету міндеттеледі. Оқушылар қолданатын әдістердің ішінде PBL (проблемалық оқыту) және CLIL (пән мен тілді кіріктіріп оқыту) бар. Біз халықаралық мұғалімдерді дайындағандықтан, ағылшын тілін меңгеруге ерекше көңіл бөлеміз, сондықтан бағдарламаларымыз бен курстарымыздың шамамен 80%-ы ағылшын тілінде оқытылады.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің құрамында 2021 жылы ашылды. Кафедрада “Педагогика психология”, “Тарих”, “Құндылықтарға негізделген әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану”, “Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі”, “Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту” Білім беру бағдарламалары бойынша жоғары сапалы мамандар даярлау жүзеге асырылады. Заманауи оқыту және зерттеу әдістеріне негізделген білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие педагогтардың кәсіби біліктілігі мен білімін қамтамасыз етуді негізгі мақсаты деп санайды.
Зертханалар
Синхронды аударма зертханасы (e105)
Бұл зертхана MIPRO компаниясының тілдік зертханаларға арналған құрылғыларының негізінде жасалған. Зертхана синхронды және асинхронды аудармашыларды дайындауға мүмкіндік береді.
Автоматты аударма зертханасы (e305)
Бұл зертхана студенттерге TRADOS автоматты аудару жұйесімен жұмыс жасауға, сол бағдарлама бойынша бастапқы, орта және редакторлық деңгейлі сертификациядан өтуге мүмкіндік береді.
Apple зертханасы студенттерге соңғы үлгідегі операциялық жүйені қолдану арқылы білімін кеңейтуге жол ашады. Заманауи құрылғы білім алуға ғана емес, студенттердің есептеу және ғылыми ізденіс жасауына мүмкіндік береді.
Бұл зертханада студенттерімізге ғылымның соңғы үлгідегі технологияларын қолдана орытып эксперименттерге өткізуге мүмкіндік береміз. Зертхана сабаққа қажет тапсырмалармен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстары мақсатында да пайдаланады.
Биология зертханасы эксперименттер жүргізу үшін соңғы үлгідегі технологиялармен толықтай жабдықталған. Студенттеріміз бұл зертхананы сабақтардың тапсырмаларын орындауға және жеке ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізуге қолданады. .
Бұл компьютерлік зертхана бектіліген ғылыми жұмыстарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге арналған. Компьютерлік бағдарламаларға қол жеткізу үшін студенттер арнайы рұқсат алуы тиіс. Барлық бағдарламалар интернетке қосылу арқыры жұмыс жасайды.