Магистратура және Докторантура
Бағдарламалар
Сіздерді СДУ магистратурасы мамандықтарының виртуалды Ашық есік күніне шақырамыз!
Ақпараттық сессия барысында магистратурадағы білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар, оқуға түсу процесі, стипендиялар, зерттеу мүмкіндіктері, кампустағы өмір туралы толық ақпарат аласыздар. Сондай-ақ қабылдау комиссиясының профессорлары мен қызметкерлеріне сұрақтарыңызды қоя аласыздар.
Күні мен уақыты: 14 сәуір сағат 14:00-де.
Қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша тіркеліңіз:
Уақыты | Тақырыбы | Спикерлер |
14:00 – 14:05 | Маркетинг тобының алғысөзі және виртуалды Ашық есік күні ережелерімен танысу | Әлібек Әкімбай, Магистратура бағдарламаларының маркетологы |
14:05 – 14:10 | СДУ проректорының алғысөзі | Андрей Богданчиков, Ph.D. |
14:10 – 14:20 | СДУ магистрлік бағдарламаларының презентациясы | Әлібек Әкімбай Магистратура бағдарламаларының маркетологы |
14:20 – 14:40 | Қабылдау комиссиясы | Динара Сарсенова, Ph.D. |
14:40 – 15:40 | Сұрақтар мен жауаптар сессиясы | Магистратура бағдарламаларының директорлары; Қабылдау комиссиясы; Оқытушылар құрамы. |
15:40 – 17:00 | Әр факультеттен толық презентация (жеке сілтемелер бойынша) | Магистратура бағдарламаларының директорлары, түлектер, профессор-оқытушылар құрамы. |
магистратура
ЕРЕЖЕЛЕР
Оқуға түсу ережесі
Үміткер магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсыруы керек.
Кешенді тест 3 бөлімнен тұрады:
1. Шет тілі тесті (IELTS 6.0, TOEFL (IBT 60, PBT 498);
2. Білім алуға даярлықты анықтау тесті;
3. Білім беру бағдарламалары тобы профилі бойынша тест.
Кешенді тестілеудің пәндері мына сілтемеде көрсетілген.
Кешенді тестілеуге тіркелу үшін мына сілтемемен өтіңіз.
Оқуға түсушілерге жеке кабинетте даярлық бағытын (бейінді немесе ғылыми-педагогикалық)өзгертуге мүмкіндік бар.
Кешенді тестілеу туралы анығырақ келесі сілтемеден біле аласыз.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін шекті ұпай – 75 , бейінді магистратураға түсушілер үшін – 50 ұпай.
Бір білім беру тобы мен 3 ЖОО таңдау арқылы конкурсқа қатыса аласыз.
Шарттары:
1. КазТест сертификаты (кез келген деңгей)
2. Тіл деңгейін анықтайтын халықаралық сертификат (IELTS 5.5, TOEFL (PBT 453, IBT 46);
3. Университет бекіткен тақырыптар бойынша эссе.
4. Докторантураға кешенді тестілеу.
5. Университеттің ішкі емтиханы
Қажетті құжаттар
1. Бакалавриат дипломының түпнұсқасы;
2. 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
3. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. Бағдарламалар бойынша тапсырылған тест сертификатының көшірмесі (бар болса).
Мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыру үшін:
1. КТ сертификаты;
2. 3 х 4 өлшеміндегі фотосурет (4 дана).
Төмендегі тізімде көрсетілген құжаттарды dinara.sarsenova@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
1. Магистратура дипломының түпнұсқасы;
2. КазТест сертификаты (кез келген деңгей)
3. Шет тілі деңгейін растаушы халықаралық сертификат;
4. Жеке куәлік көшірмесі;
5. 3х4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
6. №075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография (локдаун уақытында қажет емес);
7. Қызметкердің кадр есебі бойынша жеке қағазы немесе еңбек қызметі туралы кадр бөлімімен расталған кемінде 9 ай еңбек өтілі бар құжат;
8. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (соңғы үш жылда).
маңызды даталар
1 маусым – 15 шілде (жаз), 1-15 қараша (күз)
Магистратураға Кешенді Тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау. Тіркелу app.testcenter.kz сайтында
20 шілде – 10 тамыз (жаз), 18 қараша - 11 желтоқсан (қыс)
Магистратураға Кешенді Тестілеу, шығармашылық емтихандар
3 шілде – 3 тамыз (жаз), 1-15 қараша (күз)
Докторантураға өтініштер қабылдау
4 – 20 тамыз (жаз), 18 қараша - 11 желтоқсан (қыс)
Докторантураға түсу емтихандары
18 тамызға дейін (жаз),<br>10 қаңтарға дейін (қыс)
Магистратураға қабылдау уақыты
28 тамызға дейін (жаз),<br>10 қаңтарға дейін (қыс)
Докторантураға қабылдау уақыты
құжат тапсыру
Кешенді тестілеуден өту үшін үміткер app.testcenter.kz сайты арқылы тіркеуден өтуі тиіс.
СДУ-дағы оқуға түсу үшін құжаттарды онлайн тапсырып, түпнұсқаларын әкелу немесе жіберу керек. Онлайн жүйеде қажетті ақпаратты толтырып, керекті құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Онлайн өтініш беру жөніндегі нұсқаулық келесі сілтемеде.
Қажетті құжаттарды онлайн тапсырып болғаннан соң талапкер 28 тамызға дейін құжаттардың түпнұсқасын СДУ қабылдау комиссиясына тапсырады. Міндетті қабылдау емтихандарын уақытылы (“Маңызды даталар” бөлімін қараңыз) тарсыруыңыз міндетті.
accommodation
Applications are accepted till August 25.
Student house check-in – August 28.
The number of places at the dormitory are limited. 1st year students are given priority when allocating the places. Students of 2, 3, 4 years can submit their applications after August 25.




List of required documents
- 3х4cm sized 2 photos;
- Copy of Medical №086;
- Copy of National ID;
- Copy of payment invoice.
More information about SDU Student house is – here.
МАГИСТРАТУРА
Кешенді тестілеудің профильді пәндері
Білім беру бағдарламасының саны | Білім беру бағдарламасы | СДУ мамандықтары | Бейіндік пәндер 1 бейіндік пән |
Бейіндік пәндер 2 бейіндік пән |
M010 | Математика мұғалімдерін даярлау | 7М015001 Математика (педагогика) | Математика | Математикадан дәріс беру әдістемесі |
M017 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 7М017001 Қазақ тілі мен әдебиеті | Педагогика | Қазақ тілінен дәріс беру әдістемесі |
M019 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 7М017002 шет тілі: 2 шет тілі | Педагогика | Кәсіптік бағытталған шет тілі |
M069 | Журналистика және репортер ісі | 7М032001 Медиа зерттеулер және БАҚ 7М032001 Ақпараттар Журналистикасы 7М032001 Мудьтимедиялық журналистика |
Қазақ журналистика тарихы | Заманауи журналистиканың жанрлық формалары мен қызметтері |
M072 | Экономика | 7М041001 Экономика М041006 Қаржылық технология |
Экономикалық теория | Макроэкономика |
M075 | Менеджмент | 7М041002 Менеджмент | Менеджмент | Бизнесті ұйымдастыру |
M082 | Құқық | 7М042002
Ақпараттық технологиялардағы құқық 7М042001 Жеке құқық |
Мемлекет және құқық теориясы | Жағдайлық кейс (ҚР және/немесе халықаралық құқық мөлшерлерін тәжірибелік жағдайларда қолдану арқылы кешенді заңдық талдау) |
M097 | Математика | 7М054001 Математика (ғылыми) 7М054002 Қаржылық математика |
Математикалық талдау | Дифференциальдық теңдеулер |
M100 | Ақпараттық технологиялар | М061002 Компьютерлық ғылымдар 7М061004 Мәліметтер ғылымы |
Бағдарламалаудың алгоритмдік тілдері | Жоғары математика |
Мемлекеттік грант – бұл сіздің білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды.
Мемлекеттік грант конкурсында кешенді тестілеудің нәтижелері ескеріледі. Грант конкурсына қатысу үшін құжаттарыңызды университетке тапсыруыңыз керек.
Құжаттарыңызды тапсырған кезде оқу бағдарламасының тобы мен үш жоғарғы оқу орнын таңдай аласыз. СДУ коды – 302.
Мемлекеттік грант иегерлері оқуын таңдаған жоғары оқу орнында тегін оқып, ай сайынғы стипендия алуға мүмкіндігі бар. Педагогикалық мамандықтарды бітірген магистрант оқуын бітірген соң өз мамандығы бойынша Қазақстанда жұмыс жасауы тиіс.
СДУ магистратура мамандықтары бойынша 2021-2022 оқу жылына бөлінген гранттар саны:
*(ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған):
СДУ коды | Группа коды мен атауы | Мемлекеттік гранттар саны | Мамандықтар |
302 | М094 Ақпараттық технологиялар | 900 | 7M06102 Компьютерлік ғылымдар |
302 | М092 Математика және статистика | 200 | 7M05401 Математика (ғылыми) |
302 | М 010 Математика мұғалімдерін даярлау M011 Физика мұғалімдерін дайындау |
400 400 |
7м01501 Математика (педагогика) 7M01503 Физика (педагогика) |
302 | М017 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау | 120 | 7M01701 Қазақ тілі мен әдебиеті |
302 | М019 Шет тілі мұғалімдерін дайындау (ғылыми- педагогикалық/профильді) | 200 | 7M01702 Шет тілі: екі шет тілі |
302 | М070 Экономика | 110 | 7M04101 Экономика |
302 | М072 Менеджмент | 200 | 7M04102 Менеджмент |
302 | M067 Журналистика және репортерлік жұмыс | 100 | 7M03201 Медиа және БАҚ зерттеулері |
Мемлекеттік грант – бұл сіздің білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжаттарыңызды қабыдап, емтихандарды ұйымдастарап қабылдайды. Докторантураға іріктеу емтихандарына тіркелу үшін http://testcenter.kz/сілтемесі арқылы өтіңіз. тіркелу барысында университеттің жеке кодын енгізіңіз. СДУ коды – 302.
Мемлекеттік гранттар конкурсында халықаралық тіл емтихандарының (IELTS, TOEFL, Duolingo) нәтижесі және іріктеу емтихандарының нәтижелері ескеріледі. Іріктеу емтихандары СДУда өткізіледі.
СДУ докторантура мамандықтары бойынша 2021-2022 оқу жылына бөлінген гранттар саны:
*(ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған):
Мемлекеттік грант конкурстына қатысу үшін жоғарыдағы тізімде көрсетілген құжаттарды dinara.sasenova@sdu.edu.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
СДУ коды | Группа коды мен атауы | Мамандықтар | Мемлекеттік гранттар саны |
302 | D010 Математика педагогтарын дайындау | 8D015001 Математика (педагогика) | 3 |
302 | D019 Шетел тілі педагогтарын дайындау D017 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау |
8D017002 Шет тілі: екі шет тілі 8D017001 Қазақ тілі мен әдебиеті |
4 1 |
302 | D092 Математика және статистика | 8D054001 Математика (ғылыми) | 4 |
302 | D072 Менеджмент және басқару | 8D041001 Менеджмент | 1 |
302 | D078 Құқық |
8D042001 Құқық Ақпараттық жүйелер |
1 3 |
Реквизиттер
Оқу төлемақысы
Учреждение Университет имени Сулеймана Демиреля
040900, Алматинская обл., г.Каскелен, ул. Абылай хана, 1/1.
БИН: 960240000550
IBAN: KZ626017131000023797 (KZT)
IBAN: KZ146017131000031160 (USD)
IBAN: KZ696017131000039094 (EUR)
IBAN: KZ466017131000050469 (RUB)
БИК: HSBKKZKX
АО «Народный Банк Казахстана»
Оқуға түсу бойынша FAQ
Мемлекеттік грант – бұл сіздің жоғары білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Университеттер гранттарды бөлумен айналыспайды. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды. Сәйкесінше, Қазақстан бойынша барлық талапкерлер мен университеттер бір ортақ конкурсқа қатысады және барлығына грант конкурсының талаптары бірдей.
Мемлекеттік грант конкурсына қатысуға кез келген қазақстандық жоғарғы оқу орнынан өтініш тастауға болады. Алайда біз бірден өзіңіз оқығыңыз келетін университеттің қабылдау комиссиясына құжат тапсыруға кеңес береміз. Оқуға түскен жағдайда құжаттарыңыз сол оқу орнында қала береді.
Мемлекеттік грант конкурсында сіздің маусым айындағы ҰБТ нәтижесінде жинаған ұпайыңыз есепке алынады. Грантқа тапсыру үшін сізге белгіленген уақытта қажетті құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырып, арнайы бланкта мамандықтар тобы мен таңдаған университетіңіздің кодын көрсету керек. СДУ коды – 302.
Мамандықтар тобына грант ұтып алғаннан кейін, сол топтағы СДУ-да бар мамандықтың бірін таңдай аласыз. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» білім беру тобы бойынша СДУ-да 3 мамандық бар – Ақпараттық жүйелер, Компьютерлік ғылымдар және Математикалық және компьютерлік модельдеу. Осы мамандықтардан біреуін таңдап, грантпен оқи аласыз.
Мемлекеттік грантта сіз өзіңіз таңдаған жоғары оқу орнында тегін оқи отырып, ай сайын шәкіртақы алып отырасыз. Ал оқуды аяқтаған соң өз мамандығыңыз бойынша Қазақстанда жұмыс жасауға міндеттелесіз.
Грантқа және белгілі бір оқу орнына түсуге арналған нақты ұпай болмайды, өйткені гранттар конкурс негізінде талапкерлер арасында бөлінеді. Сіздің грантқа түсу мүмкіндігіңіз сіз таңдаған мамандықты қанша талапкер таңдағанына және олардың қандай ұпаймен грантқа тапсырып жатқанына тікелей байланысты. Ал шекті ұпай дегеніміз – грантқа түскендердің тізімінде ең соңғы тұрған талапкердің ұпайы. Оны алдын ала білу мүмкін емес. Сіз Ұлттық Тестілеу орталығының сайтынан алдыңғы жылдың грантқа түсу статистикасын қарап шығып, өз мүмкіндіктеріңізді шамамен болжай аласыз, бірақ біле алмайсыз.
Білім беру ағылшын тілінде жүргізіледі. Тек қана «Құқықтану» мамандығы қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, сондай-ақ «Журналистика» мамандығында қазақ тілді топтар бар. Ал «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы тек қазақ тілінде өтеді. Басқа мамандықтардың барлығында оқыту тілі – ағылшын тілі. Талап етілетін деңгей – Intermediate.
Иә, жыл сайын 2-3 курстар арасында шамамен 100 студент бір семестрге шетелдік университетте оқуға мүмкіндік алады. Іріктеу конкурс негізінде өтеді. Толығырақ осында.
СДУ-да студенттердің әлеуметтік дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Әртүрлі бағыттағы 29 студенттік ұйым жұмыс жасайды. Толығырақ осында.
СДУ түлектерінің 99% диплом алғаннан кейін ең үздік компанияларға жұмысқа тұрады. Ал студенттер 3-4 курста оқып жүріп, «Beta Career» бағдарламасы аясында жұмыс жасап, карьерасын бастайды.
СДУ түлегі ҚР Білім және ғылым министрлігінен берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом алады.
Оқу төлемақысы
Магистратура бойынша 2023 - 2024 оқу жылына төлемақы
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
2023 - 2024 жылға дейін оқуға түскен магистратура бағдарламасының төлемақысы
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден магистратура бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Магистратура бағдарламасын аяқтау үшін студент 120 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.
Қазір қанша төлеуім керек?
Университетке қабылданған келісімшартқа отырған кезде соң 1 курстың бірінші семестріне төмендегі сілтемеде көрсетілген оқу ақысы төленуі тиіс.
Келісімшартқа отырған кезде:
1. Сілтемеде көрсетілген соманы 1 курстың бірінші семестрі үшін төлеу;
Кейін қанша төлеймін?
Университетімізде оқу ақысы ECTS жүйесімен төленеді.
Жалпы білім беру пәндері (MDE) мен негізгі мамандық пәндерінің (Program) ақысы әртүрлі.
Әр мамандық бойынша негізгі мамандық пәнінің бағасы әртүрлі болады.
Төмендегі сілтемеден бакалавриат бағдарламалары бойынша бағалар көрсетілген.
Әр семестр сайын студент 20-42 ECTS аралығында пәндерді таңдай алады. Оқу ақысы таңдалған пәндердің санына байланысты семестр басталмай тұрып төленуі тиіс.
Бакалавриат бағдарламасын аяқтау үшін студент 180 ECTS таңдап, оқып бітіруі тиіс.