SDU Extension School ұйымдастырған “Мұғалімнің құпия қаруы” семинары мұғалімдердің кәсіби дамуына жаңа серпін берді
2024 жылдың 7 желтоқсанында SDU Extension School орталығы Шымкент қаласы мен Алматы облысынан келген мектеп оқытушыларына арнап “Мұғалімнің құпия қаруы” атты 3 сағаттық семинар-тренингін өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтерге жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып, оқыту үдерісін жетілдірудің заманауи тәсілдері мен мүмкіндіктерін таныстыру болды.
Семинарды SDU университетінің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ассистент профессоры Гүлжайна Нұрманова жүргізді. Қатысушылар жасанды интеллекттің көмегімен оқу материалдарын визуалдау, көрнекіліктер дайындау, геймификация элементтерін әзірлеу, оқушылар жұмысына тиімді кері байланыс беру, сондай-ақ электронды портфолио мен сайт жасау әдістерін меңгерді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға университет ректорының атынан арнайы сертификаттар табысталды.