ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың 7 университетімен серіктестік - жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Жақында SDU университетінің делегациясы “Аспан асты еліне” сапар шегіп, Қытайдың үздік оқу орындарымен танысып қайтты. Нәтижесінде, беделді 7 университетпен әріптестік қарым-қатынас орнатылды.

Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестік – біздің университет үшін стратегиялық маңызды бағыт. Бұл ынтымақтастық білім беру және ғылыми зерттеулер саласында халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа технологиялар мен инновацияларды меңгеруге мүмкіндік береді. 

SDU университетімен бірлесе жұмыс жасауға дайын қытайлық жоғары оқу орындарына тоқталып өтейік:

  1. SDU басшылығы Шанхайдың ең беделді оқу орындарының бірі – Shanghai University of Electric Power білім ордасында болып, екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық орнатты. Кездесу барысында SDU University ректоры Әлімжан Игенбаев пен Shanghai University of Electric Power білім ордасының вице-президенті Yang Ning өзара әріптестік жайлы меморандумға қол қойды. Бұл маңызды жүздесуге International Office директоры Zeng Fenyu және осы бөлімнің мамандары Wang Guangzhen және Xiong Huanhuan қатысты.
  2. Өзара ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан екінші оқу орны – Beijing Normal University (Zhuhai bruch). Бейжің қаласында орналасқан бұл университет QS және Times Higher Education нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік оқу орындарының қатарында болып саналады. Келісімге қол қою рәсіміне университеттің вице-президенті Chen Xing, Заң факультетінің декан орынбасары He Ting және Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің директоры Wu Yujun және басқа да университет өкілдері қатысты. Нәтижесінде Future Design факультетімен бірнеше бағдарламалар бойынша келісімге қол қойылды.
  3. Hong Kong University of Science and Technology (Guanzhou). Бұл университет әлемдегі ең үздік 50 оқу орнының қатарына кіреді. ЖОО-ның басты ерекшелігі мұнда бүгінгі қоғам сұранысына сай жаңа мамандықтар ашылған. 111 гектар аумақты алып жатқан заманауи университет студенттердің сапалы білім алып, теория мен практиканы ұштастыруына керемет мүмкіндік береді. Бұл жоғары оқу орнымен әріптестік студенттердің тәжірибе алмасуына, қос диплом алуына септігін тигізбек. Өзара жүргізіліп жатқан келісулер жақын арада ресми күшіне енеді.
  4. Guangdong University of science and technology. Бұл Қытайдағы Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында орналасқан заманауи университет. Алып университет 5 кампустан тұрады. Оқу орны инженерия, технология және қолданбалы ғылымдар салаларына маманданған, сондай-ақ басқару, экономика, өнер және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша бағдарламалар ұсынады. Университет инновацияларға, халықаралық ынтымақтастыққа және қазіргі жаһандық экономика талаптарына сай мамандар даярлауға ерекше көңіл бөледі. GDU шетелдік университеттермен серіктестікті белсенді түрде дамытып, тәжірибе алмасуға, зерттеулер жүргізуге және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге ықпал етеді. Басқару мектебінің деканы Xiao Tan-мен келіссөз жүргізу барысында студенттерге жаңа мүмкіндік ұсыну мәселелері талқыланды.
  5. University of International Business and Economics. Пекин қаласында орналасқан бұл жетекші университет халықаралық экономика, бизнес, қаржы, менеджмент және құқық салаларына маманданған. 1951 жылы құрылған UIBE жаһандық нарыққа жоғары білікті мамандар даярлауда маңызды рөл атқарады. UIBE-дің білім беру бағдарламалары аналитикалық қабілеттерді, мәдениетаралық коммуникацияны және жаһандық экономикалық үдерістерді түсінуді дамытуға бағытталған. Халықаралық мектеп деканы Jinlan Liu бастаған делегация өкілдерімен бірге өткен кездесу өзінің оң нәтижесін беріп, UIBE мен SDU арасында ынтымақтастық қарым-қатынас берік орнатылды. Жалпы бұл оқу орны халықаралық бағдарламаларымен және әлемнің 160-тан астам ЖОО-мен ынтымақтастық орнатуымен танымал.
  6. Beijing Normal University. 1902 жылы құрылған бұл жоғары оқу орны Қытайдағы ең көне педагогикалық университет болып табылады және білім беру, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар салаларында алдыңғы қатарда. BNU білім беру мен ғылыми зерттеулердің жоғары сапасымен танымал. Университет педагогтарды, ғалымдарды және кәсіби мамандарды даярлауда үлкен тәжірибеге ие. Сонымен қатар, университет халықаралық ынтымақтастық пен алмасуға ерекше көңіл бөледі, әлемнің көптеген елдерімен ғылыми және академиялық байланыс орнатқан. Осы орайда, екі тарап өзара ғылыми конференцияларға қатысуға, студенттердің тәжірибе алмасуына және академиялық байланыс орнатуға ниетті екендерін білдірді.
  7. Beijing Language and Culture University. Қытайдың Пекин қаласында орналасқан және әлемге қытай тілін үйрету мен мәдени қарым-қатынасты дамытуда танымал жетекші университеттердің бірі. 1962 жылы құрылған бұл оқу орны шетелдік студенттерге қытай тілін оқытуға маманданған және “Шетелдік студенттерге арналған кішкентай Біріккен Ұлттар” деген атқа ие. Жыл сайын университетке әлемнің 120-дан астам елінен студенттер білім алуға келеді. BLCU тек қытай тілін оқытумен ғана шектелмейді, сонымен қатар лингвистика, аударма ісі, халықаралық қатынастар және мәдениеттану бағыттары бойынша да сапалы білім береді. Университет халықаралық білім беру мен мәдени алмасудың маңызды орталығы ретінде танымал. Айта кеткен жөн, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1983-1984 жылдары дәл осы университетте қытай тілін меңгерген. Оның BLCU-де алған білімі дипломатиялық қызметінде және халықаралық байланыстарды нығайтуда үлкен рөл атқарды. Кездесу барысында университет ректоры Duan Peng мырзамен BLCU және SDU арасында әріптестік орнату мәселелері талқыланды.

Біздің университет пен Қытайдың алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірлескен жобалары, қос дипломдық бағдарламалары, академиялық алмасу мен ғылыми зерттеулер саласындағы байланыстары екі тарап үшін де жемісті болмақ. Бұл серіктестік тек білім алмасу ғана емес, сонымен бірге екі ел мәдениетін байытып, студенттер мен оқытушылардың кәсіби өсуіне ықпал етеді. 

Қытай университеттерімен тығыз қарым-қатынас – болашаққа бағытталған қадам. Бұл серіктестік арқылы біздің университет өзінің халықаралық беделін нығайтып, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндік алады.

Аталған университеттермен ынтымақтастық орнату барысында өзінің елеулі үлесін қосқан SDU International Relations Office ұжымына алғыс білдіреміз!

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: