QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі
Университетімізде QONAEV CUP 2024 халықаралық шахмат турнирі өтті. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен үшінші рет өткізілген шараға Қазақстан мен шетелден келген шахмат шеберлері қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы сөз сөйлеп, шахматтың ақыл мен стратегияны, табандылық пен шыдамдылықты талап ететін ерекше спорт түрі екенін атап өтті. Салтанатты рәсімнен кейін турнирдің алғашқы жүрісі жасалып, қатысушылар өзара бақ сынасты.
Сайыстың басты мақсаты – жастар арасында шахматты кеңінен насихаттау және халықаралық деңгейде достық байланыстарды нығайту.
QONAEV CUP 2024 турнирі Қазақстанда шахматтың дамуына серпін беріп, жаңа таланттарды ашуға зор мүмкіндік жасады. Ұйымдастырушылар бұл жарыстың болашақта өз жалғасын табатынына сенімді.