SDU Extension School орта білім беру мекемелерінің педагогтерін “Жас маман деген…” атты 1 күндік біліктілікті арттыру конференциясына шақырады.
Конференция аясында білікті мамандар педагогтерге жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мен заманауи оқыту әдістерін қолдану арқылы оқу сапасын арттыру жолдарын көрсетеді. Сонымен қатар, инклюзивті оқыту әдістерінің көмегімен ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін қолайлы орта құру және мұғалім мен оқушы арасындағы өзара сенімді қарым-қатынас орнатудың әдістемелерін ұсынады.
Конференция спикерлері:
Әсем Каукенова:
- “SDU University” ғылым департаментінің директоры;
- Ресей халықтар достығы университетінде (РУДН) әр түрлі елдердің студенттерімен алты жылдық оқыту және жұмыс тәжірибесі бар маман.
Гүлжайна Нұрманова:
- SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ассистент профессоры;
- АКТ және жасанды интеллект тақырыбында бірнеше курстар мен жобалардың авторы;
- “Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: анықтау, дамыту және нәтиже” 80 сағаттық курсының авторы.
Ақбота Тольбаева:
- SDU University түлегі, педагогика ғылымдарының магистрі;
- “Шешендік өнер”, “Инклюзивті білім беру”, “Арнайы мақсаттарға арналған ағылшын тілі” және “Сыни тұрғыдан ойлау” тақырыптарындағы курстардың спикері.
Шаттыгүл Ерхожина:
- SDU University Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің профессоры;
- Заманауи оқыту әдістері бойынша бірнеше мектептер мен мекемелерге семинар өткізген тәжірибелі спикер.
- “Оқытуда интербелсенді әдістерді қолданудың тактикалары” 80 сағаттық курсының авторы.
Орта білім беру мекемелерінің педагогтері мен білім саласына қызығатын тыңдаушыларды конференциямызға шақырамыз! Тәжірибе алмасып, жаңа білім мен дағдыларды меңгеру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Күні: 2 қараша 2024 ж.
Өтетін орны: SDU University
Толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: + 7 776 702 3134 (WhatsApp)
Instagram: http://tiny.cc/ExtensionS