«SDU LAW Olimpiade-2024» жеңімпазы бол!
SDU University мекемесі Сіздерді, жалпы орта білім бағдарламаларын жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларына арналған “SDU LAW Olimpiade-2024” өтетіні туралы хабардар етеді.
Олимпиада «Құқық және Әлеуметтік ғылымдар» факультетінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 07.02-29.02 аралығында өтеді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеті: құқықтық білімді насихаттау және оқушылардың осы салаға деген қызығушылыған дамыту, дарынды балаларды анықтау, Қазақстан Республикасында құқықтық білім берудің беделін көтеру.
Олимпиада кезеңдері:
1-кезең (видео түсіру)
2-кезең (алдын-ала берілген тақырыптардың біріне эссе жазу)
Қатысу тілі: қазақ және орыс.
Жеңімпазға SDU Құқық бағыты бойынша 4 жылға білім алу гранты (100 пайыз жеңілдік) тағайындалады. Одан бөлек, грант иегері SDU брендінің арнайы сыйлықтарымен марапатталады.
Ұйымдастырушылармен sdu.law.olimpiade@gmail.com поштасы арқылы немесе +7 776 743 60 00 нөмірі арқылы байланысуға болады.