Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне Texas University профессоры келді
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында Fulbright бағдарламасымен PhD, Texas University профессоры, STEM бағытының білікті маманы Mourat Tchoshanov екі жарым айлық тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында кафедра оқытушыларына апталық тұрақты семинарлар өткізді, магистранттар мен докторанттарға дәріс оқыды және ғылыми тақырыптары бойынша кеңестер берді. Семинарлар сериясы жаратылыстану саласындағы ғылымдардың тоғысында пайда болған STEM бағыты мен оны оқытудың мәселелеріне арналды. Кафедра оқытушыларымен алдағы уақытта жасалатын бірлескен жобалардың бағыттары нақтыланды.
Mourat Tchoshanov Университет кітапханасына Texas University атынан бірқатар кітаптарды сыйға тартты.
Previous
Next