Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінде құқықтық білім беруді дамытуға байланысты іс-шара өтті
7 желтоқсан күні Құқықтану кафедрасының ұйымдастыруымен “Құқық бағыты бойынша білім беру бағдарламасын дамыту” тақырыбында инфо-сессия өтті. Кездесу барысында құқық саласындағы маңызды мәселелер талқыға салынды.
Шара қатысушылары болашақ заңгерлерді дайындаудың маңызды элементтері ретінде білім мен практикалық дағдылардың өзектілігін көрсетіп, пікірлерін ортаға салды.
Жасанды интеллект қарқынды дамыған заманда «болашақ заңгер қандай болуы керек?» деген сұрақ та жауапсыз қалмады. Бұл тұрғыда тек дәстүрлі дағдылар ғана емес, сонымен қатар технологиялық инновациялар мен жасанды интеллектке байланысты жаңа құзыреттерді меңгеру қажеттігі де сөз болды.
Ең қызықты аспектілердің бірі құқықтық білім беруді дамытудың қазіргі міндеттері мен болашағы болды. Қатысушылар негізгі тенденциялар мен дамудың әлеуетті бағыттарын анықтай отырып, құқық саласы әлемдегі өзгермелі жағдайларға қалай бейімделуі керек екендігін белсенді түрде талқылады.
Инфо-сессия құқық қоғамдастығының әртүрлі мүшелері арасында құқықтық білім беру мен оқытудағы үздіксіз диалог пен ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсететін пікір мен идеялар алмасуға мүмкіндік берді.

