SDU University — академиялық адалдық лигасының мүшесі
Білім сапасын арттыру мақсатында SDU University 2018 жылы Академиялық адалдық лигасына мүше болды. Адалдық лигасына мүше болу – талапты күшейтіп, ашық және айқын жұмыс үлгісін көрсету әрі жоғары сапаға ұмтылу.
Лига жыл сайын қауымдастыққа кіретін университеттердегі оқу үдерісінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ студенттердің білім алуының нәтижелерін, жарияланған ғылыми жұмыстардың сапасы мен шынайылығын және университет қызметінің әзірленген қағидаттарға сәйкестігін бағалайды.
Адалдық лигасының мүшелері болып табылатын университеттер студенттер мен оқытушылардың барлық жазбаша жұмыстарын міндетті түрде тексере отырып, халықаралық антиплагиат жүйелерін қолданады. Лига мүшесі ретінде университетіміз академиялық адалдықтың негізгі қағидаларын алға жылжыту және жүзеге асыру барысында нәтижелі жұмыс атқарып келеді.