2021 жылғы 20 тамызда Сулейман Демирель атындағы Университеті Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы қызметіне Джемаль Өздемир тағайындалды.
Джемаль Өздемир Абант Иззет Байсал университетінің бакалавриатын, Қожа Ахмет Яссауи университетінің магистратурасын және Бурч халықаралық университетінің (Босния және Герцеговина) Қолданбалы лингвистиа бағыты бойынша докторантурасын бітірген.
Сулейман Демирель Университетінде 2013 жылдан бастап оқытушылық қызметте, 2019 жылдан бастап СДУ Мультидисциплинарлық орталығының директоры қызметін атқарған. Халықаралық деңгейдегі ғылыми журналдар мен басылымдарда тұрақты тұрде ғылыми мақалалар шығарған.
Қазақ, түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.
