NEWS & EVENTS
Наурыздың 16-17 күндері Сулейман Демирел атындағы университетте «Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша ХV Республикалық пән олимпиадасы өтті. Мақсаты - болашақ мамандардың кәсіби қабілеттерін анықтау және талантты студенттерді қолдау. Олимпиадаға «Журналистика» мамандығы бойынша білім беретін 17 жоғарғы оқу орнының 2-3 курс студенттері қатысты. Олимпиада үш кезеңнен тұрды: «Кейс шешу», «Ақпарат жазу», «Мультимедиалы өнім дайындау» кезеңдері.
Байқаудың бірінші күні ашылу салтанаты өтіп, барлық қатысушылар мен жетекшілер университетіміздің ғылыми кітапханасын аралап, кампустағы студенттерге жасалған жағдаймен танысты. «Кейс шешу», «Ақпарат жазу» кезеңі аяқталған соң, ұйымдастырушылар қатысушылар мен жетекшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік “Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына” және Тәуелсіздік монуметіне, сондай-ақ талантты жастардың жиналатын орны “Арбатқа” апарды. Екінші күні «Мультимедиалы өнім дайындау» кезеңі өтті. Бұл кезеңде қатысушылар өз жобаларын өңдеп тапсырды.
Олимпиада тартысты әрі қызықты өтті. Жабылу салтанатында әділқазы алқасының шешімі дайын болғанша қатысушылар поэзия оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау нәтижесінде жүзден жүйріктер жүлделі орын алып, бас жүлдені Қазақ-Америка университеті иемденді. Келесі Республикалық пән олимпиадасы дәл осы университетте өтетін болады.
©️Дана Айдарбекқызы, Журналистика мектебінің 3-курс студенті. ...
📽️СДУ-да “МІРЖАҚЫП. ОЯН, ҚАЗАҚ!” тарихи туындының көрсетілімі өтті.
17 наурыз күні Сулейман Демирель атындағы университет қабырғасында Ахмет пен Міржақыптай Алаш арыстарының есімін қазақ кинокеңістігі арқылы жаңғыртқан режиссер Мұрат Есжан және продюсер Айсәуле Әбілдамен кездесу өтті.
Фильм 1909-1935 жылдар аралығын қамтып, белгілі ақын-жазушы, Алаш Орда көсемдерінің бірі Міржақып Дулатовтың қиын да сан қырлы тағдыры жайлы түсірілген драма. Алты бөлімнен тұратын сериал ұлт руханиятының ұлы тұлғаларын ұлықтауға бағытталған.
Мұрат Есжан, қоюшы-режиссер:
- Ең алдымен осы кездесуді ұйымдастырған ұжымға алғыс білдіремін. Бұл кездесудің басқа кездесулерден бірқатар айырмашылықтары болды. Біріншіден, бұл фильмнің соңғы сериясының көрсетілуі. Демек, осыған дейін серияларды студенттер өздері көріп келіп, соңғы серияны бізбен тамашалап сол әсермен біз кездесуімізді бастадық, яғни бәріміз бір салқында болдық. Екіншіден, бұл студенттердің фильмді көріп, онымен таныс болуы да олардың сұрақтарынан анық байқалып отырды. Сұрақтар информациялық емес, идеялық, миды қозғалысқа түсіретін, тіпті өзіміз де ойланып көрмеген, күрделі сұрақтар қойылды. Кездесудің тағы бір ерекшелігі Республикалық шараның аясында ұйымдастырылуы. Бұл жерде СДУ студенттері ғана емес, жан-жақтан келген студенттердің басын бірігіп, олардың да осындай нәрсеге куә болуымен ерекшеленді.
Айта кетсек, кездесу Журналистика пәні бойынша студенттер арасындағы XV Республикалық олимпиада аясында өткізілді. Шараға 17 шақты университеттің студенттері қатысты.
©️Нигара Джиндиева @_.nigara._ , СДУ Журналистика мектебінің 3 курс студенті.
@murat_yeszhan
@oisaule
@journalism_sdu ...