NEWS & EVENTS
🔹Thesis Boot Camp: Group writing workshops
✍️Do you need group support to complete your writing? Please join us for two days of intensive writing workshops. We will utilize the Pomodoro technique to assist in completing various writing tasks. These workshops are for BA, MA and Ph.D. students. Please register for more information.
When: May 29-30, 2023
Where: SDU, G219 Allvet
Time: 10:00-17:00
Registration: Taplink
Contacts: darkhan.orynbassarov@sdu.edu.kz , +7 707 666 81 77
🖊️Жазбаша жұмысыңызды аяқтау үшін топтық қолдау қажет пе? Екі күндік қарқынды жазу уоркшоптарына қосылыңыз. Біз әртүрлі жазу тапсырмаларын орындау үшін Помодоро әдісін қолданамыз. Студент, магистрант және докторанттарға арналған. Қосымша ақпарат алу үшін тіркелуден өту қажет.
Қашан: Maмыр 29-30, 2023
Қайда: СДУ, G219 Allvet
Уақыты: 10:00-17:00
Тіркелу: Taplink
Байланыс: darkhan.orynbassarov@sdu.edu.kz , +7 707 666 81 77
🖋️Нужна ли вам групповая поддержка для завершения вашей письменной работы? Присоединяйтесь к нам на двухдневных интенсивный воркшоп. Мы будем использовать метод Pomodoro для помощи в выполнении различных письменных задач. Предназначено для студентов, магистрантов и докторантов. Пожалуйста, пройдите регистрацию для получения дополнительной информации.
Когда: 29-30 мая, 2023.
Где: G219, Allvet
Время: 10:00-17:00
Регистрация: Taplink
Контакты: darkhan.orynbassarov@sdu.edu.kz , +7 707 666 81 77 ...
👨🎓Құрметті студенттер!
👉2023-2024 оқу жылының күзгі семестріне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруы есебімен өткізілетін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ашылды.
🇪🇺Еуропа - 6 орын
🇺🇸АҚШ -1 орын
🇰🇷Корея Республикасы -1 орын
🔗Толық ақпарат біздің телеграм-каналымызда @law_ss (taplink басыңыз) ...
СЕССИЯ-2023. НҰСҚАУЛЫҚТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР
Факультетіміздің @law_ss телеграм-каналында!
👉Білімгерлердің офлайн емтихан кезінде өзін-өзі ұстау нұсқаулығы
👉Академиялық адалдық ережесі
👉 2022-2023 Көктемгі емтихан мерзімдері / FX мерзімдері / Жазғы семестр
👉 Емтихандар бойынша студенттер орны (рассадка) белгіленген кестелер ...
✒️
2023 жылдың сəуір жəне мамыр айларында Сулейман Демирель университеті, Құқық жəне Əлеуметтік ғылымдар факультетінің Журналистика мектебі «31 арнамен» бірлесіп, қазақ телевизиясының 65 жылдығына орай Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп, лицей жəне гимназиялардың 11-сынып, Назарбаев зияткерлік мектептерінің (НЗМ) 12-сынып оқушылары арасында «Журналист болғым келеді» II Республикалық эссе байқауы өтті.
Байқаудан I орын алған оқушыға СДУ-дың 4 жылдық білім гранты, II орынға 50 пайыздық, III орынға 30 пайыздық жеңілдік берілді.
«Журналист болғым келеді» байқауы екі кезеңнен тұрды. Логикалық сұрақтарды шешу бойынша алғашқы кезең онлайн форматта өтті, оған еліміздің әртүрлі аймағынан 400-ге жуық оқушы қатысты. Ең үздік нәтиже көрсеткен 42 үміткер байқаудың екінші кезеңі – эссе жазуға іріктеліп шықты. Эссе жазу байқауы СДУ кампусында өтті. Байқаудан кейін үміткерлер СДУ журналистика мектебі түлектерінің шеберлік сабақтарына қатысты, ал ата-аналар СДУ қабылдау комиссия және психологиялық қолдау орталығының мамандарымен кездесті. ...
✍️
СДУ ЖУРНАЛИСТИКА МЕКТЕБІНІҢ ТҮЛЕКТЕРІ ЭССЕ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ. ...
📸
СДУ журналистика мектебі ұйымдастырған «Журналист болғым келеді» эссе байқауының қорытындысы бойынша Алматы облысынан келген Диана Тарлан бірінші орын алды. Ол СДУ журналистика мектебінде төрт жыл оқуға мүмкіндік беретін университеттің грантына ие болды. II және III орын иегерлеріне 50% және 30% жеңілдіктер беріледі.
11-сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Журналист болғым келеді» байқауы екі кезеңнен тұрды. Логикалық сұрақтарды шешу бойынша алғашқы кезең онлайн форматта өтті, оған еліміздің әртүрлі аймағынан 400-ге жуық оқушы қатысты. Ең үздік нәтиже көрсеткен 42 үміткер байқаудың екінші кезеңі – эссе жазуға іріктеліп шықты.
Эссе жазу байқауы СДУ кампусында өтті. Байқаудан кейін үміткерлер СДУ журналистика мектебі түлектерінің шеберлік сабақтарына қатысты, ал ата-аналар СДУ қабылдау комиссия және психологиялық қолдау орталығының мамандарымен кездесті. ...
LSS CUP 2022-23 ⚽️
Факультетіміздің ұйымдастырумен футбол турнирі болып өтті. 8 команда қатысқан турнирге факультетіміздің студенттері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Ақтық ойында Alumni-JourFact командалары кездесіп, түлектер жеңімпаз атанды.
Қатысқан барлық командаларға алғыс айта отырып, алдағы жарыстардан да биікте көріне берулерін тілейміз ✨ ...
СДУ Біліктілікті арттыру және инновациялар орталығы (CPDI) және халықаралық академиялық кеңесші София Батт факультетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін семинар өткізді. Семинарда Bell cruve, студенттерді бағалау және ынталадыру сияқты маңызды тақырыптар қарастырылды. CPDI сарапшылары мен София Батт оқытушыларға білімгерлерді ынталандыруға және жақсы нәтижелерге жетуге көмектесетін әртүрлі стратегиялар мен әдістерді ұсынды.
@sdu_cpdi ...