SDU Extension School ұйымдастырған “Мұғалімнің құпия қаруы” семинары мұғалімдерге жаңа білім мен дағдылар сыйлады
2024 жылдың 23 қарашасында SDU Extension School орталығы Қарасай ауданы, Алматы қаласы және Талдықорған қаласынан келген 32 оқытушыға “Мұғалімнің құпия қаруы” атты 3 сағаттық семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтерге жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы оқыту үдерісін жетілдірудің жаңа тәсілдері мен мүмкіндіктерін көрсету.
Семинарды SDU университетінің Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ассистент профессоры Гүлжайна Нұрманова жүргізді. Қатысушылар семинар барысында жасанды интеллект арқылы оқу материалдарын визуалдау, көрнекіліктер жасау, геймификация үлгілерін әзірлеу, оқушылардың жұмысына кері байланыс беру және электронды портфолио мен сайт жасау дағдыларын меңгерді. Нәтижесінде, семинар қатысушыларына университет ректорының атынан сертификаттар табысталды.