SDU Extension School ұйымдастырған "Жас маман деген…" атты конференция жас мұғалімдерге арналған кәсіби даму мен тәжірибе алаңы болды
2024 жылдың 2 қарашасында SDU Extension School жас педагогтерге арналған практикалық форматтағы “Жас маман деген…” атты конференция ұйымдастырды. Конференцияға Алматы облысы мен қаласы мұғалімдерінен бөлек, Жамбыл және Жетісу облыстарынан педагогтар арнайы келіп қатысты. Конференция аясында қатысушылар кәсіби қызметтерінде кездесетін күрделі мәселелер мен жағдайларды шешуге бағытталған арнайы кейстермен танысты. Конференция білім беру саласының өзекті төрт тақырыбы бойынша өтті:
- Жасанды интеллект – мұғалімнің құпия қаруы;
- Инклюзивті білім беру ортасы;
- Заманауи оқыту әдістерінің мүмкіндіктері;
- Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы.
Әр тақырыпқа арналып ұсынылған кейстердің жауабын қатысушылар тақырыптық семинарлар барысында анықтап, семинарлардан кейінгі топтық жұмыстың нәтижесінде бірлесе талқылау арқылы ортақ қорытындыларын жасады. Осылайша, жас мамандар тәжірибе алмасу, бірлесе шешім шығару және теориялық білімдерін нақты іс-жүзінде қолдану мүмкіндігіне ие болды.
Конференция нәтижесінде, қатысушылар SDU ректорының атынан тиісті сертификатпен марапатталды.
Бүгінгі жас ұстаз – ертеңгі білім берудің көшбасшысы. SDU Extension School ұйымдастырған аталмыш конференция ұстаздар қауымына шабыт беріп, олардың кәсіби дамуына елеулі үлес қосарына сеніміміз мол!