SDU университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған стендтің салтанатты ашылуы өтті
23-27-ші қыркүйек аралығында SDU университетінде Тұрақты Даму Апталығы болып өтті. Апталық аясында ауқымды шаралар жүзеге асты әрі «SDGs at SDU» стендінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. 17 мақсат — маңызды жаһандық мәселелерді шешуге және планетамыздың әл-ауқатын арттыруға арналған бағдар болып табылады. Тұрақты даму мақсаттары SDU University миссиясы мен стратегиясында көрініс тапқаны ерекше маңызды, бұл стендтің ашылуын университет үшін ең маңызды оқиғалардың бірі етеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына арналған стендтің ашылу салтанатына Орталық Азияның Аймақтық Экологиялық Орталығының өкілдері мен атқарушы директоры, сондай-ақ Nazarbayev University және Satbayev University өкілдері, бизнес саласының өкілдері және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Ашылу рәсімінде университет ректоры Әлімжан Игенбаев пен Германия консулы Матиас Кислер дәстүрлі лентаны қиып, сөз сөйледі.
Ресми ашылудан кейін қонақтар үшін университеттің Тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесіне арналған ақпараттық сессия ұйымдастырылды. Іс-шараның соңында университет пен Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандум екі ұйым арасындағы серіктестікті ресми түрде бекітіп, тұрақты даму саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.
Тұрақты даму мақсаттары SDU University-дегі әлеуметтік, экологиялық және экономикалық (қаржылық) бастамалармен тығыз байланысты. Мысал ретінде, Қазақстандағы орта білім беру саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу арқылы кадрлардың сапасын жақсартуға бағытталған “Extension School” жобасын айтуға болады. Бұл жоба Тұрақты даму мақсаттарының бірі — сапалы білім беру, лайықты жұмыс және экономикалық өсімді университет қызметіне белсенді енгізудің мысалы болып табылады.
Стендтің салтанатты ашылуы Тұрақты даму апталығына жол ашты, ал іс-шаралар SDU студенттері мен қызметкерлерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.