Science Talks: All about inclusion
Инклюзивті білім беру – бүгінгі қоғам қажеттілігі. Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен SDU Life ғимаратында «Science Talks: All about inclusion» тақырыбында ғылыми шара өтті. Шара барысында инклюзивті білім бағытындағы зерттеулер талқыға салынды.
Ғылыми және талқылауға арналған ашық алаң бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мақсаты – инклюзивті білім беру саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың соңғы зерттеулеріне шолу жасау, қазіргі ғылыми шешімдерді іздеу және практикалық мәселелер, пікір алмасу, ғылымды танымал ету және дамыту.
Негізгі спикерлер ретінде инклюзия саласының жетекші мамандары Камила Роллан, Фанг Ка Ян, Гулноза Якубова сөз сөйлеп, ғылыми баяндамаларымен таныстырды. Шара барысында инклюзивті білім бағытында жасанды интелект мүмкіндіктерін қолдану мәселелері және оның дислексия мен аутизм дертіне шалдыққан балаларға берер әсері жайлы айтылды.