Республикалық «Журналист болғым келеді» байқауына қатысып үлгер!
Болашақ журналистерге арналған республикалық байқау биыл үшінші жыл қатарынан SDU University білім ордасындағы Журналистика мектебінің ұйымдастыруымен өтеді. Конкурс 2024 жылдың наурыз және мамыр айларында өтеді, оған Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектеп, лицей және гимназиялардың 11-сынып және Назарбаев зияткерлік мектептерінің (НЗМ) 12-сынып оқушылары қатыса алады.
Байқау 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең онлайн тест форматында наурыздың 30 жұлдызында, екінші кезең 3-4 мамыр кундері SDU базасында өткізіледі. Байқаудың екінші кезеңі екі күнге созылады.
«Журналист болғым келеді» атты III Республикалық эссе байқауынан І орын алған оқушы SDU университетінің 4 жылдық білім грантына ие болады. Ал II орынға ие болған талапкер 50 пайыздық, III орын иегері 30 пайыздық жеңілдікке қол жеткізеді.