SPT 2024 олимпиадасы өз мәресіне жетті
SPT олимпиадасы – SDU университетінің төл туындысы. Мектеп бітіруші талапкерлерге грант пен жеңілдік ұсынатын республикалық олимпиада биыл өзінің 10 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар аралығында 3 мыңға жуық талапкер грант пен жеңілдік алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл университет тарапынан дарынды талапкерлерге көрсетілген үлкен қолдау.
SPT (SDU Proficiency Test) – 11-сынып оқушылары мен колледждің соңғы курс студенттері қатыса алатын арнайы пәндер бойынша олимпиада. Биылғы SPT 9 кластер бойынша өтті: физика, география, химия-биология, ағылшын тілі, әдебиет және тарих, биология, құқық негіздері, информатика.
17 қаланы қамтыған биылғы олимпиадаға республиканың әр аймағынан 8100 талапкер қатысты. Екі айдан астам уақыт үздіксіз дайындық пен қобалжудың күйін кешкен мектеп бітіруші түлектер 12 наурыз күні олимпиада қорытындыларымен танысты. Нәтижесінде, озық ойлы 27 талапкер SDU University білім ордасында өз мамандығы бойынша 100% грант иесі атанды. Бұдан бөлек, 270 оқушы жеңілдікпен білім алу мүмкіндігіне ие болды. Жеңімпаздардың тізімі ресми сайтта жарияланған.
Грант пен жеңілдікке қол жеткізген барлық талапкерлерді шын жүректен құттықтаймыз және сіздерді жаңа оқу жылында асыға күтеміз.