Қазақстандағы инклюзия: қоғам дамуының трансформациясы
Елімізде инклюзивті қоғамды дамыту мақсатында бұл бағыттағы білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше мән беріліп отыр. Жақында SDU University білім ордасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Наумова мен студенттердің кездесуі өтті.
Құрметті қонақ өзінің тағдырынан сыр шертіп, мүмкіндігі шектеулі жанның шексіз мүмкіндіктері жайлы айтып, мотивацияға толы дәріс өткізеді. Кездесу барысында әрбір адам өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі үшін қандай қамдар жасау керектігі талқыланды.
Көпшілік «инклюзия» дегенді тек мүмкіндігі шектеулі жандармен ғана жұмыс істеу деп түсінеді. Алайда, бұл қате пікір. Шын мәнісінде инклюзия – бұл қоғамдағы барлық адамдарды интеграциялау қатынасы, яғни дискриминация (адамды кемсіту) түсінігіне кереғар ұғым.
Білікті маман инклюзивті қоғамды дамыту стратегиясының түйткілді мәселелерін ортаға салып, өзінің тәжірибесімен бөлісті. Кездесу соңында жас депутат студенттердің сұрақтарына жауап беріп, болашақ мамандарға жүрекжарды лебізін білдірді.