Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Нурлан Жансеріктің аттестациялық ісіне қатысты төмендегіні хабарлайды.
Нурлан Жансеріктің 6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша «Разработка и исследование алгоритма маршрутизации для беспроводной Mesh-сети» тақырыбы бойынша қорғаған диссертациялық жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы No 127 бұйрығымен бекітілген «Дәрежелерді беру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 5-тармағына сәйкес ғылыми жарияланымдарына автордың үлесін анықтау мақсатында сараптау кеңесінің шешімі негізінде Комитет төрағасының 2024 жылдың 18 қаңтарындағы No 85 бұйрығымен философия докторы (РһD) дәрежесінде қайта қорғау туралы шешім шығарылды.