SDU университетінің 15 мамандығы “Атамекен” ҰҚП рейтингісінде ТОП-10 тізіміне енді
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп 6 жыл қатарынан еліміздегі жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.
2023 жылы университеттер 19 критерий бойынша бағаланды, олардың негізгілері: жұмыспен қамту деңгейі, орташа жалақы, жас маманның жұмысқа орналасу жылдамдығы, білім беру бағдарламасының аккредитациясы және мамандықтың өзектілігі.
Рейтинг нәтижесі бойынша SDU университетінің 15 мамандығы республика бойынша үздік ондыққа енді.
Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетіне тиесілі бір топ мамандықтар көш бастады:
1-орын: “Физика – Информатика” мамандығы
2-орын: “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы, “Химия-Биология” және Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің “Халықаралық құқық” мамандығы.
SDU University басшылығын, жақсы нәтиже көрсеткен факультеттерді, кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы жетістігімен құттықтаймыз.