Ребрендинг: SDU заман талабына сай жаңара түсті
SDU University – тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан, еліміздегі озық университеттердің бірі.
Білім-ғылымның қасиетті қара шаңырағына айналған университеттің басты мақсаты – дамыған адами капитал құруға үлес қосу.
SDU тарихындағы маңызды сәттің бірі былтыр орын алды. 2023 жылдың ақпан айынан бастап іргелі білім ордасы толықтай ребрендинг жасауға көшті. Бұл жаңашыл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі де қолдады.
Бүгінде мекеме атауы – SDU University деп өзгертілді. Барлық дерек көздері жаңартылып, ребрендинг процесінің орындалуы 90%-дық межесіне жетіп, аяқталуға шақ қалды.
Университет тарихындағы бұл жаңашылдық оқу ордасының қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өміріне жаңа леп әкеледі деген үміттеміз.