Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті
2023 жылдың 22 желтоқсанында Алматыдағы Abai University қабырғасында Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпараттық күні өтті. Аталмыш шараға университетіміздің атынан Халықаралық қатынастар офисінің білікті мамандары қатысты.
Сессиялар барысында Erasmus+ жобаларын жүргізіп отырған отандық ЖОО-лар өз тәжірибелерімен бөлісіп, еліміздің барлық өңірінен келген басқа да ЖОО өкілдері арасында Erasmus+ жобалары бойынша нәтижелі диалог құрылып, ақпараттық күн өзара озық тәжірибе алмасту кеңістігіне айналды.
Іс-шараның бағдарламасы үш параллельді сессияны қамтыды, оның барысында жоба үйлестірушілері жоғары білімнің әлеуетін арттыру жобалары бойынша презентациялар жасады. Сондай-ақ жоғары білім реформасы бойынша Ұлттық сарапшылар тобының семинары өтті.
Шара аясында интерактивті QUIZ сайысы өтіп, университетіміздегі Халықаралық қатынастар офисінің директоры Бейбіт Дюсупов 56 қатысушының ішінде озып шығып, 1-орынға қол жеткізді.

