Mental Health Week шарасы өтті
Психологиялық Қолдау Орталығы мен SDU Life студенттік басқарма ұйымы, Ministry of Care & Mental Health және 3 курс педагогика психология студенттері бірігіп 11-15 желтоқсан аралығында Mental Health Week іс-шарасын өткізді.
Бір аптаға созылған іс-шара студенттердің емтихан кезіндегі менталдық хәлі ғана емес, қызметкерлердің де жағдайын жақсартуға және оларды қолдауға бағытталды. Арт-терапиялық техника, өзін-өзі тануға арналған тестілеу, терапиялық құралдар қолданылды.
Қызметкерлерге арнайы “Жанұя: таным мен таразы” семинарлар топтамасы аясында “Жан-Ұя &Ұшқан Ұя: арақатынас, қиындықтар және шешім” атты воркшоп ұйымдастырылды. Ерекше тосын-сый — студенттер мен қызметкерлерге дәлізде батут орнатылды.
Студенттер мен қызметкерлердің өзара әрекеттесуін арттыру мақсатында Mental Health Week іс-шарасы алдағы уақытта екі айда бір рет өткізіледі деп жоспарлануда.


