Білім мен ғылым ынтымақтастығы: Ұлттық ғылым академиясының өкілдері SDU төрінде
ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Басқарма президенті Закария Күнсұлу Дальтонқызы бастаған делегация SDU University қабырғасына келіп, іргелі білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Кездесу барысында университет ректоры Әлімжан Игенбаев қонақтарға таныстыру жұмысын жүргізіп, оқу істері жөніндегі проректор Андрей Богданчиков ғылым академиясының өкілдеріне университеттің оқыту жүйесін таныстырады әрі жетістіктері мен артықшылықтарын атап өтеді.
Отырысқа қатысқан оқытушылар мен ғалымдар отандық ғылымды дамытудың жолдарын қарастырып, басым бағыттарын анықтады. ҰҒА Ғылым департаментінің басқарма басшысы Мақсат Жұмабайұлы ғылыми жетістікке жетудің алғышарттарын атап, осы мақсаттағы жоспарларын ортаға салды.
Кездесу нәтижесінде Ұлттық ғылым академиясы мен SDU University отандық ғылымды дамыту мақсатында бірлесе әрекет етуге шешім қабылдады.