Польшада білім алу: шетелде оқудың мүмкіндіктері
Қазақстан мен Польшаның білім беру саласындағы тығыз ынтымақтастығы аясында 30 қараша күні SDU-ға Польшаның Алматыдағы Бас консулы Joseph Tymanowski келді.
Құрметті қонақ Польша елінің қазақстандық студенттер арасында үлкен танымалдылыққа ие екендігін атап өтті. Осы орайда, консул білім беру жүйесіне, оның артықшылықтары мен ерекшеліктеріне кеңірек тоқталып, магистратураға түсу жайлы ақпарат берді.
Кездесу барысында Joseph Tymanowski Польшада білім алуға қызығушылық танытып жүрген студенттерің сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.
Статистикалық мәлімет бойынша, бүгінгі таңда Польша елінде 90 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда.


Previous
Next