SDU University мен Дебрецен университеті арасындағы ынтымақтастық нығая түсуде
SDU University білім беру кеңістігінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту жолында тағы бір белесті бағындырды.
Университеттіміздің “Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар” факультетінің арнайы шақыртуымен, “Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие” және “Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламалары аясында Венгрияның Дебрецен университеті профессорлары Anikó Varga Nagy мен Nora Németh факультет студенттеріне дәрістер өткізді, оқытушыларға арналған мастер кластар, дөңгелек үстел ұйымдастырып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізді.
Алдағы уақытта екі университет арасында меморандум жасалатын болады.





Previous
Next