SDU студенттері Францияда білім алу жолдарымен танысты
Бүгін SDU University білім ордасына Espace Campus France Almaty ұйымының өкілі Гүлзара Сүлейменова және Францияның Алматыдағы Бас консулдығында университеттік және мәдени ынтымақтастық мәселелері бойынша жобалармен жұмыс істеуге уәкілетті тұлға Назерке Мұхтарқызы келді.
Спикерлер Францияда білім алу мүмкіндіктері жайлы ақпарат берді. Атап айтсақ, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастық аясында магистранттарға арналған стипендиялық жобаларға тоқталды. Сондай-ақ, Abay-Vern, Make our Planet Great again және т.б. бағдарламаларға өтініш беру жолдарын көрсетті.
Францияның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, өткен жылы 370-тен астам отандасымыз студенттік виза алған екен. Статистика бойынша, жылына 400-ге жуық студент Франция еліне білім алуға аттанады.


