Республика күніне орай Университетімізде тарих апталығы өтуде
SDU University Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультеті мен MDE орталығының ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Тұғыры биік туған ел» атты тарих апталығы өтуде.
Бірінші күні жастардың патриоттық рух сезімін ұялату мақсатында Радиоэлектроника және Байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары бастаған салтанатты шерумен «Атамекен» әні мен «Әнұран» шырқалды.
Екінші күні Қарасай ауданының бірқатар тарихи мұражайларынан құралған көрме ұйымдастырылды. Атап айтқанда Алматы облысының мемлекеттік архиві, Батыр Бабалар мемориалды музейі, Анаға Құрмет музейі, Қарасай аудандық Тарихи-өлкетану мұражайларының жәдігерлері қойылды.
Әр мұражайдан келген жауапты мамандар қызығушылық танытқан білімгерлердің сұрақтарына жауап беріп, тарихи оқиғаларымен бөлісті.
Сондай-ақ қазақтың ұлттық ойындары мен ұлттық тағамдарын жастар арасында танымалдылығын арттыру мақсатында «Замана» тарихи-танымдық клуб студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар жарысы мен ұлттық тағамдар көрмесі» ұйымдастыру жоспарлануда.