ПӘНАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Орталық туралы
Пәнаралық зерттеу орталығы 2023 жылдың желтоқсан айында SDU University-дің қолдауымен ашылды. Біз MDE (Мультидисциплинарлық білім беру) орталығындағы барлық пәндердің бірігіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған ғылыми орталықпыз.
Пәнаралық байланыс ұғымы соңғы уақыттарда кең етек жайып, осы негізде ғылыми зерттеулер жүргізу өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі уақытта студент, магистрант, докторанттардың зерттеу жұмыстарының негізгі бөлімдері көбіне психология-педагогикалық, әлеуметтік, тілдік, цифрлық технологиямен қатар жүретіндіктен зерттеу жұмысының пәнаралық болуы маңызды.
Мақсаттары мен міндеттері
Пәнаралық зерттеу орталығы 2023 жылдың желтоқсан айында SDU University-нің қолдауымен ашылды. Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің аясы кең болғандықтан аталған орталықтың да мақсаты мен міндеттері бірнеше бағыттан тұрады:
- Педагогикалық білімді жетілдіру: Оқыту мен оқудың тиімді әдістерін, білім берудегі психология және педагогикалық теорияларды түсінуді жетілдіру үшін зерттеулер жүргізу. Басты мақсат – педагогика саласындағы зерттеулерге үлес қосу.
- Оқыту тәжірибесін жақсарту: Мектеп бағдарламасынан бастап жоғары оқу орын бағдарламалары және қашықтан оқыту мен оқу бағдарламаларының озық тәжірибелерін зерттеу, әзірлеу және тарату.
- Пәнаралық ынтымақтастық: Педагогикалық зерттеулерге жаңа перспективалар әкелу үшін психология, неврология, технология, әлеуметтану, тіл және т.б. сияқты әртүрлі салалардағы мұғалімдер, зерттеушілер және мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
- Білім беру технологияларының интеграциясы: Технологиялық жетістіктерге және олардың білім берудегі салдарына ілесе отырып, оқыту мен оқу технологияларының тиімді интеграциясын зерттеу.
- Бағалау: Студенттердің оқу ынтасын арттыру мақсатында білім беру бағдарламасының нәтижелерін бағалау әдістерін әзірлеу және жетілдіру.
- Инклюзивті білім беру: мүмкіндігі шектеулі, әртүрлі мәдени ортасы және әртүрлі оқу стилі бар студенттерді қоса алғанда, барлық студенттердің білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инклюзивті тәжірибелер мен зерттеулерді қолға алу.
- Қоғаммен қарым-қатынас: білім беру мәселелерін шешу және қажет болған жағдайда қолдау көрсету үшін мектептермен, колледждермен және жергілікті қауымдастықтармен бірлесіп жұмыс жасау.
- Зерттеулерді тарату: ғылыми зерттеулер нәтижелерін рецензияланатын журналдарда жариялау, мақаланың белгілеу сілтемесін (хирша) дамыту, конференцияларға қатысу және зерттеу нәтижелерін семинарлар, вебинарлар және басқа да ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы кеңірек жұртшылыққа жеткізу.
- Грант пен қаржыландыруды алу: тұрақты ғылыми-зерттеу және білім беру бастамаларын қолдау үшін халықаралық гранттар, мемлекеттік гранттар және ішкі гранттарға жоба ұсыну.
- Студенттердің қатыстыру: барлық деңгейдегі студенттерге болашақ педагогтар мен зерттеушілердің дамуын ынталандыра отырып, педагогикалық зерттеулермен айналысуға мүмкіндік беру.
- Этика мәселесі: Педагогикалық зерттеулерде этикалық тәжірибелерді, соның ішінде студенттердің жеке өміріне қол сұғылмаушылық, деректер қауіпсіздігі және ақпараттандырылған келісімге қатысты мәселелерді дамыту.
- Сырттан ғалымдарды тарту. Халықаралық университеттермен (Glasgow University) https://www.gla.ac.uk/research/az/educationresearch/, халықаралық пәнаралық зерттеу орталықтармен (Cambridge University) байланыс арттыру. https://www.cam.ac.uk/research/research-at-cambridge/interdisciplinary-research-centres
- Білім алу: Оқытушылардың үздіксіз білім алу принциптерін қалыптастыру.

Абнасырова Райхан
Орталықтың меңгерушісі, SDU профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, MDE Research Coordinator
Абнасырова Райхан – SDU профессоры, Көпсалалы білім беру орталығының ғылыми істері жөніндегі координаторы, Қазақстандағы ғалым әйелдер қоғамының мүшесі.
Ф.ғ.к. Р.Абнасырова 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ), Жалпы тіл білімі кафедрасында қорғап, 10.02.19 – тіл теориясы бойынша филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Оның диссертация тақырыбы қостілділік және көптілділік мәселесіне арналған. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қазақ тілін ашық білім беру платформасы арқылы үйрету жобасымен айналысады. Жоба мемлекеттік тілімізге қызығушылығы бар шетелдік азаматтарға қазақ тілін қашықтықтан үйренуге арналған. Шетелдік азаматтарға үйренуге жеңіл болу үшін жоба бойынша түсірілген бейне сабақтар екі әліпби (латын және кирилл) негізінде түсірілген. Шетелдіктерге арналған қазақ тілі (A1, A2, B1), Практикалық қазақ тілі, Кәсіби қазақ тілі сияқты бірнеше оқу құралдары және Қазақ-орыс қостілділігіндегі интеркаляция көрінісі атты монографиясы жарық көрген, Ғылыми зерттеу негіздері атты курс жинағы бар. Райхан Жалғасбайқызы SDU University-де 2006 жылдан бері жұмыс жасайды.
Ахметов Әділхан
Орталықтың ассистенті
“Химия-Биология” мамандығының 4-курс студенті. Алмасу бағдарламасымен Польшаның Познань қаласының Адам Мискевич университетінде химия ғылымдары бойынша тағылымдамадан өткен. Ғылым және білім министрлгінің степендианты. Педагогика және Гуманитарлық ғылымдар факультетінің экс-министрі. СДУ Жыл активисті-2023. Қазақстан ЮНЕСКО клубының мембері. КурсАнт мектебінің мұғалімі және оқу орынбасары ассистенті.
Қуатбекова Сымбат
Орталықтың ассистенті
SDU University-нің пәнаралық зерттеу орталығының зерттеу ассистенті, “Физика-Информатика” мамандығының студенті. “Елбасы медалінің” иегері, “Дарынды балалар” кітабы мен “Қазақ” газетінде жарияланған. Атырау және Ақтөбе қыздар лицейлерінде физика пәнінен сабақ берді. “ZHASA Club” әлеуметтік медиа маркетинг бөлімінің жетекшісі. “EdCrunchX” конференциясында FutureLearn компаниясының бас директорының жеке көмекшісі және аудармашысы ретінде қызмет атқарды. SDU мен KIMEP университеттерінің бірлескен “Get Connected” жобасына қатысып, алғыс хат иегері атанды.
Пәнаралық зерттеу орталығының жетекшісі SDU профессоры Абнасырова Р.Ж. 2024-2025 жылға арналған «Зерттеу орталықтарын дамыту үшін» берілетін университеттің ішкі грантын «Бағалау жаңа көзқараста» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысын жасауға ұтып алды. Жоба бойынша орталық аясында «Бағалау жаңа көзқараста» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы жүргізіледі. Бұл зерттеу тек «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетіне ғана емес барлық университеттің бағалау жүйесін реттеуге көмегі тиеді деген ойдамыз. Зерттеу барысында:
- Баға инфляциясы дегенді қарастыру;
- Баға инфляциясының университеттерге кері әсері;
- Баға инфлияциясымен күресу жолдарын іздеу;
- Факультет бойынша Bell curve деңгейін қарау (сапа бөлімінің сауалнамасы негізінде);
- Bell curve қолдану тәсілі бойынша студенттер мен оқытушылардан сауалнама алу (статистикасын шығару);
- Сауалнама нәтижесі бойынша Bell curve қолдану тәсіліне ұсыныстар шығару;
- Зерттеу нәтижесі бойынша мақала жазу
- Зерттеу жұмысы аясында басқа университеттермен бірігіп дөңгелек стөл өткізіп, бағалау жүйесі бойынша пікір алмасу;
- Осы жұмыстар нәтижесінде университет оқытушыларына пайдасы тиетін оқу-әдістемелік нұсқаулық шығару;
- Жұмыстардан алған нәтижелер бойынша осы тақырып негізінде мемлекеттік грантқа жоба ұсыну.
Өткізілетін уақыт | Іс шаралар | Қатысушылар | Ескертпелер |
Семестрде бір рет | Факультеттің ПОҚ ғылыми-практикалық, теориялық семинарлар өткізілді | Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар | |
3 айда бір | Ғылыми семинар | Факультеттің студенттері | EDU Innovation |
Жылына бір рет | Отандық және шетелдік зерттеушілермен бірлескен ғылыми жобаларға қатысу | Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар | |
Жылына бір рет | STURTAP жасау | Факультеттің студенттері мен магистранттары | EDU Innovation |
Жылына бір рет | Магистрлік және докторлық диссертацияларға шолу жасау | ПОҚ | |
Жыл бойы | Жалпы білім беретін мектептер, лицейлер мен гимназиялар арасындағы желілік конкурстың ғылыми жобаларын бағалауға қатысу | ПОҚ | Ғылыми жобаларға рецензент болу |
Жылына бір рет | Басқа университеттерден әріптестермен бірігіп дөңгелек үстел ұйымдастыру | Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар | |
Жыл бойы | Магистранттар мен студенттерді Ғылыми зерттеу тағылымдамасынан өткізу | Студент 4-курс Магистрант 2-курс | |
Жыл бойы | Басқа университеттердің студенттері мен магистранттарын тағылымдамадан өткізу | Студент 4-курс Магистрант 2-курс | |
Жыл бойы | «Пәнаралық зерттеу орталығының» тақырыптары аясында дипломдық жұмыс пен магистрлік диссертацияларға жетекші болу | Студент 4-курс Магистранттар 1 және 2- курса | |
Жыл бойы | «Пәнаралық зерттеу орталығының» тақырыптары аясында Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелген журналдардағы бірлескен жарияланымдар | Факультеттің ПОҚ, магистранттар, докторанттар | |
Жыл бойы | ККСОН журналдарында, SDU хабаршысында студент, магистрант және докторанттармен бірлескен жарияланымдар. SDU хабаршысы: Педагогика және филология сериясын насихаттау | Студент, магистрант, докторант |
Байланыс
Пәнаралық зерттеу орталығы Қаскелең, Абылай хан к-сі, 1/1 | Орталық басшысы/директоры Абнасырова Райхан Жалғасбайқызы | Ассистент Ахметов Әділхан Қуатбекова Сымбат |