Skip to content

СДУ-ға оқуға келген шетелдік азаматтардың паспортын тіркеу тәртібі: 

  1. Алматы қаласы әуежайында немесе шекарада кеденнен өткен соң студент міндетті түрде 1 жұмыс күнінен кешікпей  Халықаралық қатынастар офисіне (Е110 кеңсе) келіп, Виза координаторы немесе ассистентке барлық тіркеу құжаттарын тапсыруы керек.  
  2. Қажетті құжаттар: паспорт, Кеден қызметкерлері берген миграциялық көші-қон картасы.
  3. Студенттік визамен келген студенттерге көші-қон департаментіне 1 жұмыс күнінің ішінде хабарлама берілуі тиіс. 
  4. Визасыз келген студенттерге 2 жұмыс күнінің ішінде тіркеуге тұру міндетті.
  5. Виза координаторына немесе оның көмекшісіне тіркелу мерзімдері, заңдылығы және стандарттары сақталмаған жағдайда, студент тарапынан заңбұзушылық болған жағдайда ол тәртіптік кеңеске жіберіледі, кеңестіңшешіміменстудентуниверситеттеншығарылады.
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚазақстанРеспубликасыныңӘкімшілік кодексінің 517-бабына сәйкес елде тұру мерзімі бұзылған жағдайда студентке 15-тен 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Айыппұлды студенттің өзі өтеуі тиіс, одан бөлек10 күнге дейін қамауға алынуы және депортацияға жіберілуі мүмкін. 

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: