Cыртқа оқуға алмасу бағдарламасымен кететін студенттерге
Студенттік алмасу бағдарламалары университеттер арасындағы екіжақты келісімнің негізінде жүзеге асады. Бағдарламаның артықшылығы – өз университетіңізде оқу ақысын төлегендіктен, шетел университетінде оқу ақысын төлемейсіз. Алайда кейбір жағдайда бұл ереже қолданбайды. Халықаралық алмасу бағдарламасы студенттердің шетелдік университеттерде оқуына, өзге елдің тарихы мен мәдениетін тануына мүмкіндік береді.
Алмасу бағдарламалары студенттердік академиялық және әлеуметтік тәжірибесін кеңейтіп, СДУдың шетелдік жоғары оқу орындарымен қатынасының өсуіне мүмкіндік береді. Университетіміздің кампусында алмасу бағдарламалары бойынша оқитын шетелдік студенттердің болғаны студенттеріміздің әртарапты дамуына, халықаралық деңгейде білім алу мүмкіндінігің ашық екенін көрсетеді.
Алмасу бағдарламасымен оқуға ниетті студент келесі критерийлерге сай болуы керек:
- 2-3 курс студенті болуы;
- GPA көрсеткішінің жоғары болуы;
- 18 жастан асқан:
- Ағылшын тілін жетік меңгерген;
- Сотталмаған\әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған
- Факультетке өтінім тапсыру
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтайтын тест;
- Халықаралық қатынастар офисіне өтінім;
- Қажетті құжаттарды Халықаралық қатынастар офисіне тапсыру;
- Шетелдік университеттен қабылданғаны туралы хат;
- Виза мәселелері;
- Шетелдік университетте оқуды бастай аласыз.
Erasmus Plus Халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы
Erasmus + бағдарламасының білім беруді, жастар мен спортты қолдаудың бірінші кезектегі бағдарламасы. Erasmus + ICM бағдарламасы Еуропалық Одақ елдері университеттері мен Эразмус + серіктес елдердің университеттері арасында академиялық алмасуды қаржыландырады. 2014 жылдан бастап СДУ Халықаралық қатынастар офисі Эразмус + Халықаралық мобильділік кредиттік ұтқырлық бағдарламасы арқылы Еуропалық Одақтағы жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлықты қаржыландыруға 40-тан астам өтінім жіберіп жеңіп алды. Бағдарламаны Еуропалық Комиссия қаржыландырады.
СДУ студенттері академиялық алмасу бағдарламасына қатысып 3-10 айға дейін көлік және тұру шығындарын жартылай өтейтін қаржылық қолдау алуға мүмкіндігі бар. Студенттер алмасу бағдарламасы бойынша Курстарды ауыстыру және Төлем саясатын, сондай-ақ алмасу бағдарламасының басқа ішкі ережелерін сақтаулары тиіс.
Бағдарламаға қатысу үшін: Бакалавриатта өтінім беру уақытында кредит саны 30-100 жеткен, магистратурада кредит саны 15-ке жеткен; Еуропалық Одақ территориясында тұрақтауы соңғы 5 жылдың ішінде 12 айдан аспауы керек; қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жазаға тартылмаған күндізгі бөлім (full-time) студенттері бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.
СДУ өтінімдерді қабылдау крийтерийлері (таңдауды профессорлық-оқытушы құрамнан 3-5 адам жасайды):
Алмасу бағдарламасының негізгі таңдау критерийлерінен бөлек сырттан қаржылай көмекті қажет ететін бағдарламаларға бәсекелестік үлкен, сондықтан таңдау критерийлері де қатаң. Олардың ішінде негізгі критерийлер:
- 30-100 кредит жинаған бакалавриаттың күндізгі бөлім (full-time) студенттері;
15 кредит жинаған магистратура мен докторантураның күндізгі бөлім (full-time) студенттері;
• GPA көрсеткіші жоғары болуы (кемінде 3,7);
• мотивациясы;
• халықаралық алмасу бағдарламаларынан көмек алмаған, әрі СДУда 100% грантта оқымайтын студенттерге басымдық беріледі;
• арнайы қажеттіліктері бар студенттерге (арнайы қажеттіліктері бар/жетім/көпбалалы отбасылардан, этникалық топтардан, босқын,дискриминацияланған) басымдық беріледі.
Халықаралық қатынастар офисі өтінімдер туралы хабарламаны электронды пошта арқылы, брошюралар мен ақпараттық тақталарда, университет вебсайтында береді. Ақпаратта алмасу бағдарламасына сәйкес серіктес университеттердің тізімі, бос орындар саны мен қажетті құжаттар тізімі көрсетіледі.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Транскрипт
- Мотивациялық эссе
- Паспорттың көшірмесі
- СДУда оқыған уақытта сабақтан тыс әлеуметтік өмірдегі белсенділігі туралы анықтамалық құжаттар
- Арнайы қажеттілігі бар студент екеніңізді растайтын құжат
Егер студент барлық гранттық талаптарға жауап берсе, әрі серіктес мекеме сіздің академиялық біліміне (мамандық, сала), оқу деңгейіне (магистратура, бакалавриат) сәйкес болса, студенттерге халықаралық алмасу үшін сыртқы гранттарға өтінім беруге кеңес береміз.
Іріктелген кандидаттар тізімі соңғы таңдау үшін серіктес университетке жіберіледі.
Бұл кезекте, серіктес университеттің өз таңдау критерийлері болады. Оларға: GPA көрсеткіші, ағылшын тілін меңгеру деңгейі (сұхбат/IELTS), мұғалімдердің ұсыныс хаттары; үміткерлер пәндер көрсетілген Оқу туралы келісімшартты СДУға қайта ауысқан кезде көрсетуі тиіс.
Бағдарламаға қатысушы студенттер СДУға төленетін барлық оқу төлемдерін өткізуі тиіс. Қатысушылар тұрғылықты орнына байланысты шығындарды өтейтін грант тағайындалады, оның көлемі серіктес университет орналасқан ел мен оқу уақытына байланысты. Студен грантты серіктес университетке жеткен соң бірнеше кезеңде алады. Бір бөлігі көлік пен жол шығындарына беріледі, оның көлемі екі мемлекеттің ара-қашықтығына байланысты. Алайда, грант жол шығыныңызды түгелдей қамтымауы мүмкін. Қатысушылар серіктес университетпен Оқу туралы келісімшартқа қол қояды. Грант қаражатын басқару, қажетті медициналық сақтандыруды рәсімдеу, кітаптар мен оқу құралдарын сатып алу, виза/студенттік/тұрғылықты орын шығындарын көтеру, депозиттер т.б.жауапкершілік толықтай студенттің мойнында. Кей серіктестер виза шығындарын көтеруі мүмкін, бірақ бұл мәселені серіктес университетпен алдын-ала келіскен жөн. Қатысушылардың барлығына қаражат шығындарын жоспарлап, шығындарды алдын-ала ескеру керек екенін ескертеміз, бұл әсіресе алғашқы бірнеше айда маңызды болмақ.
Сулейман Демирель атындағы Университет әлемнің әйгілі университеттерімен бірге мықты қос диплом бағдарламаларын құруда жұмыс жасайды. Бұл бағдарламалар бір уақытта екі университеттің дипломын алуға мүмкіндік береді: бірі – СДУ дипломы, екіншісі – серіктес университет дипломы. Бұл бағдарламалардың принципі – сабақтардың жартысы СДУ-да, қалған жартысы серіктес университетте оқытылады, кредиттері екі университетте де есептеледі. Сабақтардың барлығы ағылшан тілінде оқытылады. Оқу ақысы сол уақытта оқып жатқан университетке төленеді. Әдетте қосдипломды бағдарламаларға орын саны шектеулі, әрі бәсеке үлкен. Қосдипломды бағдарламаның түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болады, олардың Қазақстанда да шетелде де жұмыс жасауына жол ашылады.
Бүгінде СДУ-дың Collegium Civitas университетімен 1+1 қосдипломды бағдарламасы бар. Ол Менеджмент мамандығының Магистратура студенттеріне ашық.
Бағдарлама туралы толық ақпаратты iro@sdu.edu.kz электронды поштасы арқылы сұрата аласыз.