Құқық және Әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конференция

Өзгермелі әлемдегі Орталық Азия: аймақтық субъектілік, құқықтық сын-қатерлер және медиа ландшафт
17-18 сәуір, 2025

ШОЛУ

Конференция жайлы ақпарат

SDU университеті, Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті жанындағы Орталық Азия зерттеу орталығы (CARC) Джордж Вашингтон университетіндегі (АҚШ) Орталық Азия бағдарламасымен (CAP) бірлесе отырып, 2025 жылдың 17-18 сәуір күндері құқық және әлеуметтік ғылымдар бойынша халықаралық конференция өткізеді. Конференцияның тақырыбы – «Өзгермелі әлемдегі Орталық Азия: аймақтық субъектілік, құқықтық сынқатерлер және медиа ландшафт». Конференция құқық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген ғалымдарға, зерттеушілерге, кәсіби мамандарға, докторанттар мен магистранттарға ортақ алаң ұсынады.
Аталған конференция Орталық Азия елдерінің Еуразия аймағында қалыптасқан күрделі геосаяси ахуалдағы түрлі мәселелерді еңсеру барысына назар аудара отырып, олардың рөлі мен аймақтық субъектілігін қарастырады. Пәнаралық тәсілді қолдана отырып, аталған іс-шара Орталық Азиядағы саяси оқиғалар, сыртқы саясат, аймақтық ынтымақтастық, құқықтық сын-қатерлер, гендерлік көзқарастар және медиа ландшафт бағыттарына басымдық береді.
Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультеті жанындағы Орталық Азия зерттеу орталығы халықаралық және жергілікті университеттердің, зерттеу институттарының және басқа да кез-келген мекемелердің зерттеушілерін конференцияға қуана шақырады. Аталған іс-шара барысында беделді спикерлер мен ғалымдар баяндама жасап, пікірталастар өткізеді.

Толығырақ

ТАҚЫРЫПШАЛАР

– Құқық: жария құқық, жеке құқық, халықаралық құқық
– Қоғам және кімдік: отарсыздану, аймақтық тұтастық пен бірегейлік, адам құқықтары, инклюзивтілік
– Экономика және қауіпсіздік: энергетикалық қауіпсіздік, байланыс, экономикалық дәліздер, сауда
– Геосаясат: аймақтық қауіпсіздік, халықаралық қақтығыстар
– Саясат: аймақтық интеграция, сыртқы саясат пен ішкі саясаттың өзара байланысы, басқа ұлттар туралы қоғамдық пікір
– Әлеуметтік мәселелер: гендерлік аспектілер, жастарды қолдау, әлеуметтік және демографиялық мәселелер
– Қоршаған орта: экологиялық мәселелер, тұрақты даму, жаңартылатын энергия көздері
– Миграция: шекаралық динамика және миграциялық үрдістер
– Медиа және дезинформация: жалған ақпарат тарату, үгіт-насихат, медиа сауаттылық, деректерді қорғау, дата журналистика, ақпараттық соғыс, Орталық Азиядағы медиа ахуал.

АҚЫЛДАСТАР ЖӘНЕ РЕЦЕНЗЕНТТЕР АЛҚАСЫ

  1. Мадияр Саудбаев, ассистент профессор, Ph.D., Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
  2. Айжан Көпбаева, ассистент профессор, Ph.D., Құқықтану кафедрасының меңгерушісі
  3. Ғалым Жүсіпбек, қауымдастырылған профессор, Ph.D.
  4. Шатлық Аманов, ассистент профессор, Ph.D.
  5. Майгүл Абилова, қауымдастырылған профессор, Ph.D.
  6. Есенгүл Кәпқызы, ф.ғ.к., ассистент профессор
  7. Айгуль Касенова, з.ғ.к., ассистент профессор
  8. Марат Естемиров, ассистент профессор, Ph.D.
  9. Мұхтар Сеңгірбай, қауымдастырылған профессор, Ph.D.
  10. Зульфия Имярова, қауымдастырылған профессор, Ph.D.
  11. Сергей Голунов, профессор, Ph.D.
  12. Еркебұлан Сайрамбай, ассистент профессор, Ph.D.
  13. Ғайни Серім, ассистент профессор, Ph.D.
  14. Жасулан Ахметов, ассистент профессор, Ph.D.
  15. Бердақ Байымбетов, аға оқытушы, M.A.
  16. Ерғали Исақұлов, аға оқытушы, M.A.
  17. Абай Мағауия, аға оқытушы, M.A.
  18. Дархан Орынбасаров, ғылыми қызметкер, M.A.
  19. Асылзат Қарабаева, ассистент профессор, Ph.D. қосымша ғылыми қызметкер, КИМЭП университеті
Толығырақ

ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕР

Бас үйлестіруші:
Айзада Нуридденова, Ph.D, Ассистент профессор және Ғылым бойынша координатор, Құқық және әлеуметтік ғылымдар Факультеті

 Көмекші үйлестірушілер:
Диана Абдусаттар, ассистент

Email: iclss@sdu.edu.kz

ШАҚЫРЫЛҒАН СПИКЕРЛЕР

СЕБАСТЬЕН ПЕЙРОУЗ

Себастьен Пейроуз Орталық Азия бағдарламасының директоры және Джордж Вашингтон университетіндегі (АҚШ) Еуропа, Ресей және Еуразия зерттеулері институтының зерттеу профессоры, сондай-ақ Брюссельде (Бельгия) орналасқан Еуропа – Орталық Азия мониторингі (EUCAM) ұйымының зерттеушісі. Ол Орталық Азияда бес жыл жұмыс істеді, атап айтқанда, Өзбекстанның Ташкент қаласындағы Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Француз институтында (1998-2000, 2002-2005), сондай-ақ Вашингтондағы Вудро Вилсон атындағы Халықаралық ғалымдар орталығында ғылыми қызметкер болды (2006 жылғы қазан – 2007 жылғы маусым) және Орталық Азия және Кавказ институтында (SAIS, Джонс Хопкинс университеті, 2007-2010).
Оның негізгі зерттеу салаларына Орталық Азиядағы саяси жүйелер, экономикалық және әлеуметтік мәселелер, ислам және діни азшылықтар, сондай-ақ Орталық Азияның Қытай, Үндістан және Оңтүстік Азияға қатысты геосаяси ұстанымы жатады.
Ол Кирилл Нуржановпен бірге Soft Power in Central Asia: Politics of Influence and Seduction? (Ланхэм, Боулдер, Нью-Йорк, Лондон: Lexington Books, 2021) кітабының редакторы болды, сондай-ақ China and India in Central Asia. A new “Great Game”? (Нью-Йорк: Palgrave Macmillan, 2010) еңбегін дайындады. Оның жеке монографиясы Turkmenistan. Strategies of Power, Dilemmas of Development (Армонк: M. E. Sharpe, 2011 жылғы қараша) жарық көрді. Сонымен қатар, Марлен Ларюэльмен бірге The ‘Chinese Question’ in Central Asia. Domestic Order, Social Changes, and the Chinese Factor (Лондон, Нью-Йорк: Hurst, Columbia University Press, 2011 жылғы желтоқсан) және Globalizing Central Asia: Geopolitics and the Challenges of Economic Development (Армонк: ME Sharpe, 2012) еңбектерін жариялады. Оның мақалалары Europe-Asia Studies, Nationalities Papers, China Perspectives, Religion, State & Society, Journal of Church and State журналдарында жарық көрген.

Толығырақ

АНН-МАРИ САТР

Анн-Мари Сатр Уппсала университетінің (Швеция) Ресей және Еуразия зерттеулері институтында (IRES) Еуразия зерттеулері бойынша профессор. Ол Кеңес және Ресей экономикасының құрылымы мен жұмыс істеуін зерттеуге маманданған. Оның

қазіргі зерттеулері посткеңестік трансформацияға, әйелдердің рөліне, кедейлікке және Ресейдегі әлеуметтік саясатқа бағытталған.
Ол бірнеше кітаптың авторы немесе қосалқы авторы, соның ішінде Environmental Problems in the Shortage Economy: The Legacy of Soviet Environmental Policy (Edward Elgar, 1994) және Лео Гранбергпен бірлескен The Other Russia: Local Experience and Societal Change (Routledge, 2017). Сондай-ақ, ол Кеңес/Ресей саяси экономикасы мен әйелдер еңбегі туралы мақалалар мен кітап тарауларын жариялаған.
Оның еңбектерінің қатарында Attitudes, Poverty and Agency in Russia and Ukraine (Routledge, 2016, Ильдико Астталос Мореллмен бірлескен) атты бірлесіп өңделген жинақ бар. Оның ең жаңа кітабы – The Politics of Poverty in Contemporary Russia (Routledge, 2019). Ең соңғы жарияланған еңбегі – Юлия Градскова және Владислава Владимировамен бірге өңделген Post-Soviet Women: New Challenges and Ways to Empowerment (Palgrave, 2023) атты кітап.

Толығырақ

РОВШАН ИБРАГИМОВ

Ровшан Ибрагимов Оңтүстік Кореядағы Хангук шет тілдер университетінің Шығыстану колледжінің профессоры. Ол аталған университетте 2015 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істейді. 1999-2014 жылдар аралығында доктор Ибрагимов Әзербайжанның Кавказ университетінде жұмыс істеп, Халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі (2003-2013), Еуропа зерттеулері кафедрасының меңгерушісі (2008-2010), Сыртқы байланыстар жөніндегі проректор (2011) қызметтерін атқарған. 2011-2014 жылдары Әзербайжан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының Сыртқы саясатты талдау бөлімінің басшысы болған.
Доктор Ибрагимов Анкара университетінде (Түркия) докторлық дәрежесін алған. Ол «Еуропалық Одақтың Оңтүстік Кавказға қатысты сыртқы саясаты: шындыққа қаншалықты жақын?» (Баку: SAM, 2013) атты кітаптың авторы; «Қазіргі әлемдегі шағын мемлекеттердің сыртқы саясаты: Оңтүстік Кавказ елдері (Әзербайжан, Грузия және Армения) және басқа аймақтар» (Lit Verlag, 2024) атты еңбектің авторы және редакторы; «Әзербайжанның энергетикалық тарихы мен саясаты: өткеннен бүгінге дейін», «Энергетика және Әзербайжан: тарих, стратегия және ынтымақтастық» (ред. Ровшан Ибрагимов, Баку: SAM, 2013) атты кітаптың редакторы және авторы; «Энергетикалық терминдер сөздігі» (Баку: Кавказ университетінің баспасы, 2014) кітабының авторы. Сонымен қатар, әртүрлі академиялық журналдар мен кітаптарда екі жүзден астам мақалалары мен пікірлері жарық көрген. Зерттеу салалары: энергетикалық саясат, энергетикалық қауіпсіздік, Еуропалық Одақ, бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің сыртқы және энергетикалық саясаты, Түркияның сыртқы саясаты.

Толығырақ

ПОЛ ВАН

Пол Ван Чанчжоу университеті (Қытай) Шилян Құқық мектебінің жария құқық профессоры және Ұлыбританиядағы Абердин университеті жанындағы Жаһандық қауіпсіздік және басқару орталығының аға ғылыми қызметкері. Оның зерттеу салаларына халықаралық қоғам, жаһандық басқару, ұлы державалар арасындағы бәсеке және геосаясат теориясы кіреді.

Толығырақ
Karlyga Myssayeva (1)

ҚАРЛЫҒА МЫСАЕВА

Қарлыға Мысаева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Журналистика факультетінің қауымдастырылған профессоры. Оның зерттеу қызығушылықтарына халықаралық медиа, әлеуметтік медиа, жаһандық журналистика, дата журналистика және Қазақстан мен әлемдегі журналистика білім беру жүйесі кіреді. Ол екі монографияның, екі оқулықтың және 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы.

Карлыға Мысаева Огайо университетінде Fulbright стипендиаты, Джордж Вашингтон университетінде шақырылған ғалым, Оклахома мемлекеттік университетінде зерттеуші ғалым, ал Франциядағы Страсбург университетінде IFEAC бағдарламасы бойынша постдокторант ретінде қызмет атқарған.

Жуырда ол Азия контекстіндегі мемлекеттік ақпарат саясатының журналистиканы кәсібиліктен айыруы және тәуелсіз медианы қауіпке ұшыратуы туралы зерттеу жұмысын жазып бітірді және қазіргі таңда Қазақстандағы медиа бизнес модельдерін зерттеуде.

Ол ҚазҰУ Хабаршысы ғылыми журналының журналистика сериясында  редакциялық алқа мүшесі және Journal of Europe-Asia Studies секілді бірнеше журналдардың рецензенті. Ол «Цифрлық медиа және қоғам» және «Бұқаралық коммуникация теориясы» пәндерінен дәріс береді.

Толығырақ

ХАНС-ЙОАХИМ ШРАММ

2012 жылдан бастап Германияның Висмар қаласындағы Қолданбалы ғылымдар университетінде бизнес құқығы пәнінің профессоры және Ostinstitut тұрақты қызметкері. 2000-2010 жылдар аралығында ол Бремен университетінде Проф. Рольф Книпердің кафедрасында және GIZ ұйымында ғылыми қызметкер болды. Доктор Шрамм ТМД мемлекеттерінде бизнес құқығы бойынша қысқа мерзімді заңгерлік сарапшы ретінде кең тәжірибеге ие. 1997-1999 жылдары Киевте орналасқан Украина-Еуропалық Саясат және Заң кеңес беру орталығында (UEPLAC) жұмыс істеді. Оның мамандану саласы – өтпелі экономикадағы азаматтық және коммерциялық құқықтың салыстырмалы зерттеулері. Доктор Шрамм көптеген жарияланымдардың авторы, оның ішінде Қазақстан заңына арналған еңбектері бар.

Толығырақ

СЕРГЕЙ САЯПИН

Сергей Саяпин КИМЭП университеті, Құқық мектебінің профессоры және ғылыми-зерттеу директоры. Ол Өзбекстанда, Ұлыбританияда және Германияда құқықтану мамандығы бойынша білім алған. 2000-2014 жылдар аралығында Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) Өңірлік делегациясында (Ташкент, Өзбекстан) заңгер кеңесші болып жұмыс істеген. Ол Азия халықаралық құқық қауымдастығының Атқарушы кеңесінің (2021-2025) мүшесі және «Азиядағы халықаралық жария құқық энциклопедиясының» (Brill) Орталық Азия бойынша қосалқы редакторы.

Толығырақ

ЧОЛПОН ТУРДАЛИЕВА

Чолпон Турдалиева Орталық Азиядағы Америка Университетінің Жалпы білім беру бағдарламасында профессор. Ол Гумбольдт университетінде (Германия, 2022) докторлық дәрежесін, ал Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Тарих институтында постдокторлық дәреже қорғады (2010).

Чолпон Турдалиева 2023-2024 жылдары Бард колледжінде (Германия) зерттеуші болды. Сондай-ақ, Колумбия университетінің Хэрриман институтында (2016, АҚШ) және Вашингтон университетінде Фулбрайт стипендиаты (2004-2005, АҚШ) болған. Ол ESCAS (2014-2018) консультативтік комитетінің мүшесі, Фулбрайт Қырғызстан қауымдастығының президенті (2019-2023), CESS марапаттау комитетінің, IOHA және Қырғызстан тарихшылары қауымдастығының мүшесі.

Ол «Музей бастамалары орталығы» ҮЕҰ негізін қалаушы және директоры болды жәнеАҚШ Елшілер қоры (AFCP), Сорос қоры, ЮНЕСКО және басқа ұйымдар қаржыландырған жобаларды басқарды. Маңызды жобаларының бірі XI ғасырдағы Бурана мұнарасын (2021-2023) және XV ғасырдағы Шах-Фазл мавзолейін (2000-2001) сақтау және қалпына келтіру жұмыстарын қамтиды. 

Толығырақ

РУСТАМ АТАДЖАНОВ

Рустам Атаджанов LLB, LLM, Dr. iur., PhD, КИМЭП университеті, Құқық мектебінің қауымдастырылған профессоры және декан орынбасары. Профессор Атаджанов Орталық Азия аймағындағы халықаралық құқық саласындағы жетекші ғалымдардың бірі. Оның оқыту және зерттеу қызығушылықтарына халықаралық қылмыстық құқық, адамзатқа қарсы қылмыстар, құқықтың жалпы теориясы, халықаралық гуманитарлық құқық, дипломатиялық құқық және халықаралық адам құқықтары сияқты мемлекеттік және халықаралық құқыққа қатысты кең ауқымды тақырыптар кіреді.
Профессор Атаджанов Journal of International Peacekeeping және Journal of Humanity, Peace and Justice сияқты Еуропа мен Азиядағы бірқатар академиялық журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. Сондай-ақ, ол халықаралық және ұлттық деңгейлердегі бірнеше академиялық және кәсіби ұйымдардың, оның ішінде Азия, Еуропа және Америка халықаралық құқық қауымдастықтарының, сондай-ақ Өзбекстан халықаралық құқық қауымдастығының мүшесі.
2021 жылдан бастап ол IUCN жүйесіндегі Дүниежүзілік экологиялық құқық жөніндегі комиссияның мүшесі. Профессор Атаджанов халықаралық құқық және қылмыстық құқық саласындағы беделді академиялық басылымдарда, атап айтқанда Asian Journal of International Law, Asian Journal of Comparative Law, Asian Yearbook of International Law, Journal of International Criminal Justice, Journal of International Peacekeeping, Criminal Law Forum сияқты журналдарда белсенді түрде мақалалар жариялап келеді.
Ол «Халықаралық қақтығыстар және қауіпсіздік құқығы. Зерттеу анықтамалығы» атты екі томдық еңбектің редакторы (T.M.C. Asser Press және Springer, 2022). 2025 жылы ТМД елдеріне арналған құқықтың жалпы теориясы бойынша жаңа оқулығы жарық көреді, ал 2019 жылы шыққан «Адамзатқа қарсы қылмыстардың құқықтық қорғалатын мүддесі ретінде адамгершілік: тұжырымдамалық және нормативтік аспектілер» атты негізгі монографиясының екінші басылымы 2026 жылы жарияланады (екеуі де T.M.C. Asser Press және Springer баспаларынан шығады).

Толығырақ

СЕКЦИЯЛАР


– Құқық
– Халықаралық құқық
– Медиа зерттеулер
– Халықаралық қатынастар
– Гендерлік зерттеулер

ӨТІНІМ ЖІБЕРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

  Конференция жеке баяндамалар, толық панельдер, дөңгелек үстелдер және кітап талқылауларына арналған ұсыныстарды қабылдайды. Конференцияға төменде орналасқан өтінім формасын толтырыңыз. Панельдер мен дөңгелек үстелдерге ұсыныстар жіберу үшін тақырыптың қысқаша сипаттамасын, мақсаттарын және спикерлердің аты-жөндері жазылған Word файлды жүктеңіз. Жеке баяндамаға ұсыныс беру үшін зерттеу мақсаттары, әдіснамасы және негізгі нәтижелерін сипаттайтын 250-300 сөзден тұратын аңдатпаны Word файл түрінде жүктеңіз.

Толығырақ

МАҢЫЗДЫ ДАТАЛАР

17 наурыз 2025 жыл

Тіркелу және аңдатпа жіберудің соңғы күні

17 наурыз 2025 жыл
27 наурыз 2025 жыл

Жұмыстың қабылданғаны жөнінде хабарлама

27 наурыз 2025 жыл
31 наурыз 2025 жыл

Конференция бағдарламасының бірінші нұсқасы

31 наурыз 2025 жыл
7 сәуір 2025 жыл

Конференцияның қорытынды бағдарламасы

7 сәуір 2025 жыл
17-18 сәуір 2025 жыл

Конференция сессиялары

17-18 сәуір 2025 жыл

CЕРІКТЕСТЕР

ӨТУ ОРНЫ

 SDU University

КОНФЕРЕНЦИЯ ТІЛДЕРІ

Ағылшын, қазақ және орыс

ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ

Дарынды студенттерді қолдау

Бұл бағдарлама көрнекті студенттерге, олардың әл-ауқатына қарамастан арналған. Бағдарламаға лайықты студенттер белгілі академиялық және әлеуметтік жетістіктерді көрсетуі тиіс. Бұл бағдарлама толық немесе ішінара гранттар беру немесе жатақханалық орын беру арқылы студенттердің кәсіби және жеке дамуына ықпал етуге арналған. Грантты оның барлық әрекет ету мерзімі ішінде сақтау үшін алушы әр семестр белгіленген ең төменгі орташа ұпайға сәйкес келуі тиіс.

Профессорлық-оқытушылар құрамын (профессорларды) қолдау

Ғылыми-зерттеу тағылымдама бағдарламасын қолдау. Профессорлық-оқытушылар құрамы академиялық бағдарламаны әзірлейді және университетте ғылыми зерттеулер жүргізеді. Осы бағдарлама аясында СДУ профессорлық-оқытушылар құрамына шетелде ғылыми зерттеулермен айналысуға мүмкіндік береді. Сіздің қайырмдылық көмегіңіз ұшуға, тұруға және ай сайынғы еңбекақысының 6 айдан 1 жылға дейін өтейді. СДУ сондай-ақ шетелден келген профессорларды жергілікті оқытушылар мен студенттермен өз білімдері мен тәжірибелерін бөлісуге шақырады.
 “Жас маман”бағдарламасын қолдау. “Жас маман” бағдарламасы СДУ үздік түлектерін іріктеу және оқытушылардың ассистенті ретінде академиялық мансабының бастапқы кезеңінде оларға көмек көрсету арқылы университеттің адами капиталын дамытуға бағытталған. Жас мамандар шетелде докторлық дәреже алуға және беделді университеттерде бай ғылыми зерттеу тәжірибесін алуға ынталандырылады. Оқытушылардың ассистенттері профессорлық-оқытушылық құрамнан стипендиялар мен кәсіби кеңестер алады.

Университетті қолдау

СДУ кампусы студенттердің білім беру және сауықтыру іс-шараларын өткізу үшін орталық орын болып табылады. Университет жаңа объектілерді салу және бар объектілерді елеулі жаңарту жолымен өзінің базалық инфрақұрылымын жаңартуға ұмтылады. Бұл ғимараттар, жолдар, коммуналдық қызметтер, аумақтық және ландшафтық дизайн, студенттік тұрғын үй және университет миссиясына толық қолдау көрсету үшін қажетті ақпараттық технологиялар ресурстары кіреді. Сондай-ақ, заманауи кітапханалық ресурстарды және ғылыми-зерттеу мекемелерін, жабдықтар мен технологиялық құралдарды қолдаудың маңызы зор.

FAQ

Question? Contact us! infomatrix@sdu.edu.kz

Since Infomatrix Asia is an international project competition and current lingua franca is English language, we decided that everything(documentation, presentation, submission) will be in English.

Starting from this year, participation doesn’t give opportunity get max at ENT.

All participants who study at secondary school must participate with their supervisors. Due to the security concerns of the participants.

Mail to infomatrx@sdu.edu.kz (Only technical questions)

Look carefully at category requirements, but common thing is: great presentation, clear documentation, completed project, short video demonstrating your knowledge of English Participants from Kazakhstan should have participated on regional, city, republic project competitions before.

Infomatrix Asia is an independent competition. Therefore, you are free to submit your project to any other competitions.

The participation fee is a required fixed cost that covers: transportation, medals, t-shirts, certificates, food, lodging and so on…

Accomodation

We are inviting participants to stay in our comfortable and modern “Student House” located on the territory of SDU.

The student house of Suleyman Demirel University offers students not only accommodation and meals on the territory of the Smart Campus during their studies, but also the opportunity to improve their social skills and strengthen international relationships.

Do you need help? Contact us!  infomatrix@sdu.edu.kz

Бонус ұпай қалай жинауға болады?

Қатысушылардың Instagram желісіндегі парақшасында SPT олимпиадасы туралы қызықты әрі креатив пост жариялау арқылы 1-ден 5-ке дейін бонус ұпайға ие болу мүмкіндігі бар. Пост сурет, мәтін немесе видео сияқты кез келген форматта бола алады.

Шығармашылық шектеу жоқ, қиялыңа ерік бер!
Арманыңды жаз, әңгіме құрастыр, видео түсір, достарыңа мотивация бер,  оларды да қатысуға шақыр!

Бұл – тіпті қосымша 0,5 ұпайдың грант иесі атануда шешуші рөл атқара алатын тұсы. Сондықтан мұндай тамаша мүмкіндікті міндетті түрде пайдалануға кеңес береміз.

Шарттары:

  • Қызықты және креативті пост жариялау (мәтін 50 cөзден кем емес, қатысышының өз атынан жазылады)
  • Cуретте @sdukz белгілеу (tag)
  • Хэштег – #spt2020 #sdukz
  • Пост соңында аты-жөнін, кластер мен ЖСН соңғы 6 цифрін хэштег арқылы көрсету (мысалы, Ахметов Айбек, #Кластер5, #123456).
  • Қатысушы парақшасы 10 наурызға дейін ашық болуы керек.

*Посттарды олимпиада ұйымдастырушылары былай бағалайды (жалпы ереже):

▫️1 ұпай:
— Пост жарияланған, талаптарға сай;
▫️2 ұпай:
— Мәтіні өте жақсы жазылған пост;
▫️3 ұпай:
— сапалы түсірілген және монтаждалған видео-пост;
▫️4 және 5 ұпай:
— Көп қаралым жинаған, лайк пен комментарий саны көп сапалы пост. 

Алайда баға беруші посттың сапасына көбірек қарайды. Яғни, тек қана мәтінмен-ақ +5 балл алу мүмкіндігі де бар. Немесе керісінше, көп лайк жинаған пост сапасыз болғандықтан 1 ұпай ғана жинауы мүмкін.

Посттар онлайн тіркелу аяқталғанға дейін қабылданады.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • 3х4 өлшемінде 3 фото
  • 086 медициналық формасының көшірмесі (Қазақстан Республикасының емханасынан алынған)
  • Жеке куәліктің көшірмесі
  • Төлем туралы құжаттың көшірмесі

Құжаттарыңызды жіберіңіз:

Ұлдар:

Қыздар:

dormserviceboys@sdu.edu.kz

dormservicegirls@sdu.edu.kz

Ұлдар: + 7 702 958 79 10
Қыздар: + 7 702 958 79 11

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: