Дана Молдабаева Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы болып тағайындалды
Дана Жандуллақызы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тарих мамандығы бойынша білім алған. Одан кейін Түркия Республикасындағы Гази университетінде магистратура және PhD докторантурасын аяқтады.
2005 жылдан бастап еліміздің бірнеше жоғары оқу орындарында оқытушылық және басқарушылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, ХҚТУ мен SDU-да тарих пәнінен сабақ беріп, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік орталық пен студенттік бөлімнің директоры, лицензиялау үдерістеріне жауапты маман ретінде еңбек етті. Соңғы үш жылда “Гуманитарлық ғылымдар” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Жаңа бастамаға тың серпін мен жемісті еңбек тілейміз!