Давронжон Гаипов SDU University-дің бірінші проректоры болып тағайындалды
Давронжон Эркинович — Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. Ол КазУМОиМЯ-да магистратураны тәмамдап, Еуразия гуманитарлық институтында докторлық дәрежесін қорғаған. Сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Ұлыбританиядағы Кембридж университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп, Бирмингем және Эстон университеттерінде зерттеуші болып жұмыс істеді.
Давронжон мырзаның жоғары білім саласына қосқан үлесі көп. Оның кәсіби бағыты – көптілді білім беру, жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейге шығуы және Қазақстандағы трансұлттық білім беру (TNE) кампустарын дамыту. Қазіргі уақытта ол мемлекет қаржыландырып отырған ғылыми жобаның жетекшісі ретінде еліміздің білім беру жүйесін дамытып жүр.
Оның бұл лауазымға келуі SDU университетінің академиялық көшбасшылығын нығайтуға және халықаралық байланыстарды кеңейтуге септігін тигізеді.
Жаңа қызметіңізге сәттілік пен шабыт тілейміз!