«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының 2025–2026 оқу жылына арналған білім беру гранттары
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры әлеуметтік осал топтарға жататын талапкерлерге білім беру гранттарын ұсынады. Грантқа бакалавриат бағдарламасы бойынша күндізгі оқу формасын толық өтеу және ай сайынғы 40 000 теңге көлеміндегі стипендия (жылына 10 ай бойы) кіреді.
📌 Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 1–17 тамыз
📌 Грант иегерлерінің тізімін жариялау: 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін
🔗 Қосымша ақпаратпен төмендегі қосымшада таныса аласыз.
📩 Қосымша сұрақтар бойынша SDU грант офисіне хабарласуға болады: grantoffice@sdu.edu.kz