2025–2027 жылдарға арналған гранттық жобалар жеңімпаздары белгілі болды
2025–2027 жылдарға арналған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруын жеңіп алған жобалар жетекшілерін және топ құрамын шын жүректен құттықтаймыз!
Гранттық қаржыландыру:
PhD, Ассистент профессор, Ғылыми істер жөніндегі проректор Мақсат Қалыбек – AP26100823 Өнеркәсіптік құрылыс жобаларында шығындар мен тәуекелдерді басқаруды оңтайландыру: Қазақстан үшін кешенді тұжырымдама
Тарих ғылымдарының докторы Жұлдыз Тулибаева – AP26101025 XIX – XX ғасыр басындағы қоқандық қолжазба деректердегі Қазақстан тарихы
“Жас ғалым” бағдарламасы:
PhD, Аға оқытушы Альфира Махмутова – АР25796179 Алшақтықты жою: Қазақстандағы бірінші курс студенттері үшін өтпелі кезеңдегі қиындықтарды шешу
PhD, Ассистент профессор Нұрсұлтан Қуанышев – AP25796111 Бейнелеудердің Люстерник-Шнирельман категориясы және олардың жоғары топологиялық күрделілігі
Ғылыми жұмыстарыңызға табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!