SDU University Galym Project жобасымен бірлесіп Academic Publishing Bootcamp өткізді
2025 жылдың 23-29 маусымы аралығында SDU University Ғылым департаменті Galym Project-пен бірлесіп докторанттарға арналған Academic Publishing Bootcamp бағдарламасын сәтті ұйымдастырды. Academic Publishing Bootcamp – ғылыми мақаланы жазу және халықаралық журналға дайындау дағдыларын дамытуға бағытталған жеті күндік қарқынды оқу бағдарламасы.
Bootcamp-ке SDU University, Satbayev University, Тұран университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Dublin City University және көптеген басқа ұйымдардан докторанттар қатысты.
Бағдарлама аясында қатысушылар семинарлар, тәжірибелік воркшоптар, бірлескен пікір алмасу сессиялары және жеке кеңес алу мүмкіндіктері арқылы өз мақалаларын жазуға белсенді кірісіп, академиялық жарияланым процесін жан-жақты меңгерді.
Academic Publishing Bootcamp бағдарламасының қатарынан екінші жыл өткізілуі – SDU University жас зерттеушілерді қолдауға, ғылыми орта қалыптастыруға және халықаралық деңгейде академиялық сапаны арттыруға бағытталған жүйелі жұмысының айғағы.
