International Emerging Scholars Conference-2025
2025 жылдың 20 маусымында SDU университетінің Ғылым департаменті «Bridging Academia and Industry to Empower Scholars for Collaborative Innovation» тақырыбында International Emerging Scholars Conference-2025 атты халықаралық конференция ұйымдастырды. Шараға ғалымдар, студенттер және түрлі сала мамандары қатысып, ғылыми зерттеулер мен олардың практикалық қолдану бағыттарындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Конференция аясында спикерлер сөз сөйлеп, қазіргі академиялық және өндірістік ортадағы басты үрдістер мен мәселелерді қамтыды. Талқылауға инновацияны қалай жасауға болады, ғалымдардың ғылыми дәлелдерге негізделген саясат қалыптастырудағы рөлі, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және «жасыл» брендтер, жасанды интеллект дамуының негізгі трендтері сияқты тақырыптар негізгі ретінде шығарылды.
Бұл сессиялар ғылым мен өндіріс арасындағы тиімді ынтымақтастық арқылы тұрақты, этикалық және технологиялық тұрғыдан дамыған болашақты қалыптастырудағы зерттеушілердің маңызын айқындады.
Конференция шеңберінде студенттердің зерттеу жұмыстарына арналған жеке бөлім болды. Көптеген университеттердің студенттері өз ғылыми зерттеулерін таныстырды. Қатысушылар қызықты пікірталастарға белсенді қатысып, жоғары академиялық әлеует пен зерттеушілік қабілеттерін көрсетті.
Аталған конференция академиялық орта мен индустрия арасындағы байланысты нығайтатын, сонымен қатар жаңа буын зерттеушілерін мақсатпен және жаңашылдықпен әрекет етуге шабыттандыратын маңызды алаңға айналды.

